Отбасын нығайту жайлы дискурсты кеңейту барысында

2023 жылдың қараша айында Астана және Алматы қалаларында өткен екi дөңгелек үстел барысында мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, БАҚ және дін қайраткерлерінің өкілдері адам болмысының бекзаттылығы жайлы тұжырымдаманы және отбасылық қарым-қатынастардың қалыптасуына оның әсер етуін талқылады. Бұл кеңістік адам табиғаты жайлы қоғамда қалыптасып қалған үстемді түсінікті қайта қарау үдерісіне серпін беру мақсатындағы бастамашылықпен жасалды. Қатысушыларға осы тұжырымдаманы кеңінен мойындау және оны қоғамдық дискурсқа қосу отбасы институтының нығаюына қалай әсер ете алатыны туралы ойлану ұсынылды. Талқылау адам бекзаттылығының қағидасы мен оның қолданылуына қатысты түйісу нүктелерін іздестіруге және ортақ көзқарасты қалыптастыруға бағытталды.

Көзқарас бірлігіне қол жеткізу үшін қатысушыларға адам бекзаттылығы ұғымының өзін талқылау ұсынылды. Қатысушылар «әрбір адамның бойында туғанынан бастап тазалық пен жақсылық жасау қабілеті» бар екенін, диалог құру, басқа адамдардың құқықтарын түсіну, жанжалға деген өз құлшынысын тежеу, кешіру, басқалардың қадір-қасиетін көре білу және рухани қасиеттерді таныта білу қабілеттері бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, «бекзаттылықты тәрбиелеп өсіру және қолдап отыру кажет» деп атап өтілді.

Талқылау аясында отбасындағы рөлдер мен жауапкершіліктер үлестіріміне, жанұядағы әңгіме құрылымына, білімді жеткізе білу тәсілдеріне адам болмысының бекзаттылығын ұғынудың әсері жайында сөз қозғалды.

Өткен кеңістіктер, қоғамды ақпараттандыру Офисының алдағы айларда өткізуді жоспарлап отырған, отбасы және қоғамдық қарым-қатынастар институтына қатысты маңызды тұжырымдамалар жайлы ой-толғамдар легіне бастама берді.

 

3 thoughts on “Отбасын нығайту жайлы дискурсты кеңейту барысында

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *