Қазақстан: Рухани ұстанымдар – отбасын нығайтудың негізі

2024 жылдың 1 ақпаны

АСТАНА, Қазақстан – Әрбір адам жаратылысының бойындағы бекзаттылығына негізделген адам табиғатының тұжырымдамасын мойындау отбасылық өмірдің өркендеуіне қалайша септігін тигізе алатынын зерделеу үшін Қазақстан баһаи қауымдастығының Қоғамды ақпараттандыру офисі ұйымдастырған ұлттық кездесулер легі мемлекеттік органдардың, ғалымдардың, діни қауымдастықтар мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын қосты.

Жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында, Офис мүшесі Ляззат Янгалиева таяуда өткен ұлттық кездесулерден біраз ой бөлісе отырып: «Егер біз біреуді бекзатты жаратылыс деп есептесек, онда біз оған дәл солай қарайтын боламыз», – деді.

Әрбір адам жаратылысының бойындағы бекзаттылығына негізделген адам табиғатының тұжырымдамасын мойындау отбасылық өмірдің өркендеуіне қалайша септігін тигізе алатынын зерделеу үшін Қоғамды ақпараттандыру Баһаи офисі ұйымдастырған дөңгелек үстелдер легі Астана және Алматы қалаларында мемлекеттік органдардың, ғалымдардың, діни қауымдастықтар мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын қосты

Янгалиева ханым осы форумдардағы талқылаулар барысында әрбір адамның ішкі қадір-қасиеті мен туа біткен құндылығы мойындалған жағдайда оның отбасылық қарым-қатынастарға тигізер түрлендіргіштік әсері зерттелетінін түсіндірді. «Бұндай болашақ көрінісі отбасының әрбір мүшесін қате түсінік пен үстемдіктен қорғап қана қоймайды, сонымен қатар отбасы аумағынан асып жататын серпінін байыта түседі».

Бұл пікірді қолдай отырып, Офистің тағы бір мүшесі Тимур Чекпарбаев мырза адамды ең алдымен өзіне бағытталған және материалдық ойларды басшылыққа алатын тіршілік иесі ретінде қарастыратын кеңінен тараған түсінік көптеген әлеуметтік мәселелермен қаншалықты байланысты болуы мүмкін екенін осы талқылаулар көрсететінін атап өтті. «Көбінесе адамзаттың ілгерілеуі, оның көршілерге, отандастарға немесе бүкіл әлемге қандай әсер тигізеріне қарамастан, басыбайлы қажеттіліктерді қанағаттандырумен теңестіріліп жатады», – деді ол.

Қалай болған күнде де, бұл форумдардағы келешегі зор өрістеу – ол, қоғамға риясыз қызмет ету сияқты жаңа тұжырымдамаларды ілгерілете отырып, тереңінен тамырланып қалған ой-пікірлерді қайта карастыруды ұсынатын талқылаудардың пайда болуы – деп қосты Чекпарбаев мырза. Оның айтуынша, түсінудегі бұндай ауысым жеке әрі ұжымдық мәнмәтінде шынайы ілгерілеу мен әл-ауқаттың не екенін қайта бағалауға әкелуі мүмкін.

Қазақстан баhаиларының қауымдастық құруда салған күш-жігерлерінен жаралған нұрлануларға сүйене отырып, Янгалиева ханым отбасылар мен қауымдастықтардағы қарым-қатынастардың даму серпіні туралы өз бақылауларыменен бөлісті: «Біз, отбасында да, қауымдастықтар өмірінде де, әсіресе адамдардың басқаларға қызмет ету және әлеуметтік әл-ауқатқа үлес қосу ниеті сияқты сындарлы үлгілердің пайда болып жатқанын көрудеміз». Бұндай бағыттылық өзімшіл мінез-құлықтан сыртқы әлемге барынша көбірек бағдарланған әрекеттер ауысымына септігін тигізеді деп атай кетті ол.

Янгалиева ханым осы түрлендіру үдерісінде адамгершілік тәрбиесінің аса маңызды рөлін атап өтті. «Отбасы қоғамның ең маңызды да негізгі ұяшығы ретінде адамның әдет-ғұрыптары мен мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Дәл осы ішкі ортада қоғамға барынша кеңінен қызмет ету үшін өмірлік маңызы бар қасиеттер мен қабілеттер тәрбиеленеді».

Қазақстан баһаиларының Қоғамды ақпараттандыру офисі өткізген талқылаулардың барысында жаралған нұрланулар тереңінен тамырланып қалған – адамды өзімшіл ретінде анықтайтын – ой-пікірлерді қайта карастырып, оның орнына қоғамға риясыз қызмет ету сияқты жаңа тұжырымдамаларды ілгерілетуде.

Осы талқылаулар барысында отбасындағы әртүрлі дәстүрлі қозғаушы күштер мұқият зерттеліп, олардың кейбіреулері әйелдердің дауысы мен отбасылық істерге қатысуын, соның салдарынан, барынша кеңірек әлеуметтік салаларда қатысуын кемітуі мүмкін екені мойындалды. Янгалиева ханым бұл талқылау, теңдік пен отбасылардағы жанжалдарды азайтуға септігін тигізетін, сындарлы тәжірибелерді қабылдаудың маңыздылығын көрсеткенін атап өтті.

Оның айтуынша, қатысушылар кеңесу қағидатын – шешім қабылдаумен шектеліп қана қоймай, қайта отбасылардағы сыйластықты, жанашырлық пен өзара қолдауды тәрбиелеу құралы ретінде қызмет ететін – сындарлы өзара әрекеттесуді дамытуда болашағы мол әдіс-құрал ретінде атап өтті.

Чекпарбаев мырза бұл тұжырымдаманы: «Кеңесу – отбасылық қарым-қатынастарды нығайту мен өмірлік қиындықтарға төтеп бере алатын өміршең отбасын құру үшін аса маңызды. Ол отбасындағы жеке тұлғаның әрқайсысына қуат дарытып, олардың жалпы қоғам өміріне мәнді үлес қосу қабілетін арттырады», – деп одан әрі тарқатты.

Офис алдағы айларда отбасының қоғамды ілгерілетудегі рөлі туралы дискурсқа кеңірек үлес қосу аясында осы тақырыптар бойынша бірнеше талқылаулар жоспарлады.

Қазақстан баһаи қауымдастығының Қоғамды ақпараттандыру офисі ұйымдастырған «Құндылықтар туралы әңгіме: адам табиғаты» атты подкаст эпизоды адамзат тап болып жатқан көптеген қиын мәселелерді еңсеру үшін бірлік қағидатына негізделген адамзат сәйкестілігінің мәнмәтіні неліктен қажет екенін зерттеді.

Дереккөз – https://news.bahai.org/story/1716/

 

2 thoughts on “Қазақстан: Рухани ұстанымдар – отбасын нығайтудың негізі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *