Отбасы – қоғамдағы негізгі құндылықтар мен мінез-құлық үлгілері қалыптасатын маңызды әлеуметтік кеңістік. Бұл кеңістік сүйіспеншілікке, төзімді болуға, басқалармен салауатты қарым-қатынас орнатуға үйренетін жер.
Өкінішке орай, бүгінде көбінесе отбасының дәп өзінде басқа да әдеттер қалыптасады – олар қатыгездік көрсету, соқыр нанымдарға бой алдыру, нәзік сезімдерді жаншу, басқаларға үстемдік ету және өзімшіл болу. Қалыптасқаннан кейін бұл әдеттер барлық әлеуметтік қатынастарға ауа бастайды да, қоғамымыздың тінін бірте-бірте дал-дұлын шығарады. Бұл институтты нығайту тек заңнама мен саясатты өзгертуді ғана қажет етпейтіні анық. Мәдениет, көзқарастар мен нанымдар деңгейінде түбегейлі өзгерістер қажет.
Діни, ғылыми және азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп бір үстел басында қоғамдағы Отбасы институтын нығайтудың жолдарын талқылады. Бұл алаңды Астана қаласының Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл кеңістікте осындай маңызды мәселе бойынша талқылау аясы кеңейіп, тәжірибе алмасу, сондай-ақ ұсыныстарды қарастыру кеңістігі ретінде қызмет атқарғаны есте қаларлықтай болды.
Көптеген діни қауымдар жастарды некеге дайындауға көмектесетін іс-шаралар өткізіп, отбасы құндылықтары туралы дәрістер, жастарға арнайы кездесулер өткізіп, кеңес беру орталықтарын ұйымдастыруда. Сонымен қатар, қызмет ету, жауапкершілік, өзімшілдікті жеңу, адалдық сияқты құндылықтарды түсінуді дамытуға күш салынуда.
Жиналған тәжірибеге сүйене отырып, қатысушылар қоғамдағы Отбасы институтын нығайтуға жалпыға бірдей күш салу қажеттігін атап өтті. Негізгі ұсыныстар ретінде білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы атқарылып жатқан қоғамдағы ағартушы істер, сондай-ақ отбасы құндылықтарын сақтау бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу қажеттілігі аталып өтті. Ұсыныстар арасында:
- мемлекеттік сектормен диалогты нығайту, қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дамыту тұжырымдамасын бірлесіп әзірлеу
- осы құндылықтарды насихаттайтын фильмдерді қаржыландыру
- мектептерге «отбасы құндылықтары» пәнін енгізу, оны оқытатын мұғалімдердің біліктілігін арттыру
- осындай пән материалының мазмұнында қажетті өзара әрекеттестік дағдыларын, кейінгі ұрпаққа қамқорлық жасау дағдыларын дамыту, кеңесу дағдыларын және дау-дамайсыз шешім қабылдау дағдыларын нығайту, бұқаралық ақпарат құралдарымен конструктивті әрекеттесу қабілетін дамыту үшін кеңістікті қамтамасыз ету, мәдениет жайлы білімдерді арттыру аталып өтті.
Қатысушылар балалар білімімен қатар білімдерді ата-аналарға жеткізудің маңыздылығын атап өтті – отбасы орталықтарын ашу, диалог жүргізу және қиын жағдайларды шешу қабілетін арттыруға көмектесетін дайындық бағдарламаларын әзірлеу.
Талқылау барысында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оны конструктивті пайдалану жолдары да сөз болды. Азаматтық қоғам өкілдері діни қауымдастықтардың халыққа қолжетімді болуын, интернет-алаңды пайдалануын, БАҚ-тағы контентті теңестіріп, тікелей эфирге шығуды ұсынды.
Осы кеңістіктің нәтижелері бойынша «Бақытты отбасы мектебі» тұжырымдамасын әзірлеу жоспарлануда.
https://www.pu-game.org/
https://www.pucasino.fun/blog/책임-있는-도박-PUBet-Casino에서-슬롯을-안전하고-지속-가능하게-즐기기/
https://www.pu-casino.net/blog/비밀-풀기-PUBet-전략과-함께하는-라이브-카지노/
https://www.pubetting.com/blog/cate/스포츠/
https://mjklk.com/
https://3agames.org/
https://www.3a88.com.tw/
https://www.九牛.com/sports/【玩老虎機的小竅門】+至少要投入多少錢才能大大提高中獎率_/
https://www.tffda.tw/
https://www.ninecasino.tw/games/不希望註冊完後悔_3分鐘學會如何揭穿娛樂城的漂亮謊言/
https://a.9bullapp.com/
https://a.9bullapp.com/
https://www.worldcuplottery.com.tw/product/fishing-trick-cracking/
https://www.jucattle.com.tw/
https://www.okgame.com.tw/
https://www.sistranslate.com.tw/index.htm
https://www.bet5588.com.tw/