Конфессияаралық келісімді нығайта отыра

Дінді зерттеудің қандай қағидалары жас ұрпақты соқыр нанымнан еркін бола отырып, білім алуға талпындыра алады? Дін саласындағы ғылыми ізденістер адам болмысы, тарихы мен діни ой-пікірдің дамуы негізінде жатқан ұғымдардың қандайына негізделуі керек? Қоғамдағы діни соқыр нанымдарды жеңуге қатысты бұл мәселелер Үндістанның Мумбай қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы Сомайя Видьявихар Университетімен бірлесіп 2023 жылдың 7 тамызында ұйымдастырған халықаралық конференцияда Баһаи қауымдастығының баяндамасында көтерілді.

Іс-шара Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі мен Декларация идеяларын ілгерілетуге, әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өркениетаралық диалогты орнатуға және оны дамытуға қолғабыс етуге, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ әлемдегі мәдениетаралық диалогты кеңейту үшін жаңа идеяларды қалыптастыруға арналған болатын.

Дөңгелек үстелге  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезіне Қазақстан, Үндістан, Әзірбайжан және Катар мемлекеттерінен қатысқан өкілдер, мемлекеттік органдардың, Хатшылықтың, ғылыми-зерттеу ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз елдерінің конфессияаралық келісім саласындағы жетістіктерімен бөлісе отырып, бүгінгі адамзат қоғамы бастан кешіп жатқан аласапыран кезеңді және бейбітшілікті сүйемелдеп отыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ, VII съезде қабылданған Декларацияда белгіленген, болашақ үшін маңызды болып табылатын бірқатар қағидаттар мен құндылықтарды айырықша атап өтті.

Орталықтың Басқарма төрағасы Б.Сәрсенбаев конфессияаралық диалогты жолға қоюдағы жетістіктерді және Съездің маңызды рөлін белгілей отыра, бұдан да терең жетістіктерге жетуді қамтамасыз ету үшін алдағы 10 жылда не істей аламыз деген сұрақ қойды. Одан әрі ол «барлық мәдени-діни қауымдастықтар мен халықтардың келісімі мен қауіпсіздігін және бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін ғаламшардағы қуатты күштер ретінде диалогтың, өзара түсіністік пен құрметтің маңыздылығын» атап өтті.

Университет ректоры Самир Сомайя мырза ортақ болашаққа қол жеткізу үшін тек пікірлестермен ғана емес, әртүрлі көзқарастары барлармен де диалог орнату маңызды екенін атап өтті. Дін туралы айта отырып, «қызмет етуден асқан дін жоқ» деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Үндістандағы Елшілігінің кеңесшісі Азат Серікбосынұлы мырза Қазақстанның түрлі мәдениеттер мен діндер арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға деген ұмтылысын ерекше атап өтіп, балалардың бойына конфессияаралық келісім мен бірлік құндылықтарын сіңірудің маңыздылығын атап өтті.

Университет профессоры Ражешкаран Пиллаи мырза университет тәжірибесімен бөлісе отырып, студенттердің әртүрлі діндерді бірге зерттей отырып, сол арқылы осындай білім мен тәжірибе жүйесіне біртұтас көзқарас қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтты.

Баhаи қауымдастығының баяндамасында сондай-ақ білімнің рөлі мен академиялық қауымдастықтың қоғамдағы соқыр нанымдарды жеңудегі үлесі атап өтілді. «Соқыр нанымдарды жеңу мен білім алу бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені білім алу бұқара көпшілікке бөліп-жарушы ойлар бағытын жеңуге көмектесе алады. Діни ілімдер философиясын терең зерттейтін сарапшылар барлық діни ойлардың негізінде жатқан қағидаларды олардың бірлігі тұрғысынан зерттей алады», – деді Янғалиева өз баяндамасында. Ол сондай-ақ еліміздегі діндердің алуан түрлілігін бейнелеп көрсететін кітаптардың пайда болуына және бұқаралық ақпараттар құралдарының әртүрлі діни қауымдастықтардың сындарлы үлесін қалың жұртшылыққа көрінекті ететін жарияланымдарының рөліне назар аударды.

«Ақшардам» қоғамдық үйлесімділік саласындағы қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, профессор Джайотиндра Мукундрай Даве «бірлік туралы жолдаманың кеңінен таралуының» қажеттігін атап өтті. Ол өз тәжірибесіндегі, рухани лидерлердің бірі халықты индуистік храмдардың бірінде лаңкестік әрекет жасағандарды кешіріп, олар үшін дұға етуге шақырған оқиғамен бөлісе отырып, кек алудан бас тарту ұстанымын ерекше атап өтті. Одан әрі ол, бұл әрекеттің астарында, істелген іс үшін кек алу, оқиғаға еш қатысы жоқ одан да көп адамдардың өліміне әкеліп соғуы мүмкін деген ұғыныс жатқанын түсіндірді.

Дін лидерлерінің Съезінде қабылданған Декларацияның тағы бір қағидаты Бахаи қауымдастығының баяндамасында атап өтілді, ол – отбасы институтын нығайту. «Діни лидерлер арасындағы осы уақытқа дейін қол жеткізілген диалогтың деңгейі кеңейіп, нәтижесінде, дін лидерлеріне қоса мемлекетпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және ғылыми қауымдастықпен толысып, отбасы институтын нығайтуға арналған форумға айналады» деген үміт білдірілді.

Сапар барысында Қазақстанның Үндістандағы Елшілігінің қызметкерлері Лотос Баhаи ғибадат үйінің бас менеджері Джайдиб Махалати мырзамен және Үндістанның Баhаи қауымдастығының Қоғамдық ақпарат кеңсесінің директоры Кармель Трипати ханыммен кездесті. Офистың ақпараттық орталығына қысқаша экскурсия ұйымдастырылып, соңынан шай үстінде бейресми жылы әңгіме ағытылды.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *