Біз өнердің жасампаздық рөлі туралы сөйлесу үшін кездесіп отырмыз. Қалай ойлайсыздар, қоғамды қабылдаудағы өнердің рөлі қандай? Өнер әлемді қабылдауымызға қалай әсер етеді?
ӘЗИЗ: Өнер әр түрлі болады, міне, осыдан бастау керек. Кез келген өнерде мысалы, сурет өнері, музыка, балет немесе кино болсын, жан-дүниесін салып жасаған адам өз ісінің адамдарға пайдасын әкелетіндігіне және өнер адамдарды азғырмайтындығына жауапты болуы керек.
Егер шығармашылықпен айналысатын болсақ, онда тек ақша табу жағын ғана ойламай, алдымен өнер әлеміміз жақсы жағына өзгеруіне ат салысатын адам бойындағы құндылықтар мен дүниетанымды қалыптастырады деген мақсатты алдымызға қоюымыз керек. Біз қазір ұғымдар өзгертіліп, халықты ыдырататын псевдо-өнердің пайда болғанын жиі көрудеміз.
Өнер – бұл адамның, ең алдымен ішкі дүниесінен шығатын, яғни интеллектуалды іс-әрекетінің жиынтығы. Сондықтан мұны мұқият түсіну керек, өнер-басқа адамның өзін жақсы, жайлы сезінуі үшін, адамдардың дамуына, рухани өсуіне және оның осы әлемдегі орнын сезінуіне қызмет етуі керек. Сонда өнердің рөлі орындалмақ. Бала мәдени ортада рухани тәрбиелену үшін, біз шығармашылық функция атқарамыз. Сол кезде ол өзінің мақсаты қирату емес құрастыру екенін түсінетін болады.
Мен мұны өз тәжірибеме сүйеніп айтып отырмын, өнер жолына түскен кезімде, ең алдымен өзімнің рухани өсуіме көмектесетін өнердің жасампаз құдіретті рухани күшін түсіне бастадым.
Сіз адам жанына әсері бар деп өнерді рухани өсумен байланыстырып отырсыз. Өнер мен адамның сұлулыққа тартылуы арасындағы байланыс жайлы көбірек айтып бересіз бе?
НАТАЛИЯ: Сәлеметсiздер ме. Осында көтеріп жатқан сұрақтар өте маңызды. Сәби туылғанда, оның бойында өзін өзі тануға деген қажеттіліктен туындайтын шығармашылыққа тартылыс бар. Әуел бастан біз бойымыздағы шығармашылықпен жаратылдық. Баланың бойындағы бұл бастаманы қолдау немесе қолдамау – басқа сұрақ. Мен осы тұста атақты суретші әрі пәлсапа Николай Константинович Рерихтың адамды өнер жоғарылатып, керекті бағытқа апаратыны жайлы айтқан сөзін келтіргім келеді. Ол өнерге үлкен мән берген және адам өмірінен ажыратпай синтезде қарастырған:
“Барлық ілімде отбасы әрқашан да болашақтың тірегі ретінде қарастырылады. Отбасыда тәрбиенің негізі, баланың мінезі мен бейімділігі қаланады.
Оның қабілеттері, этникалық дағдылары, дүниетаным негіздері қалыптасады. Ынтымақтастық ошағы болып табылатын отбасы көбінесе баланың болашақ тағдырын анықтайды. Отбасы негізін нығайтпай, мемлекет құрамын деп ойлау бекер…”
Өнерге қайта оралып, ол:
“Өнер адамдарды заттардың мәнін түсінуге, шынайы сұлулық пен жақсылықты түсінуге жақындатады, демек, адамзат эволюциясында оның маңызы зор”, – деп есептеді.
Өзім де осы жерде, Қастеев мұражайындағы изостудияда көп жыл жұмыс істедім, бізге 3-4 жасар балаларды әкелетін еді. Баланың қалай өзгергенін, кәміл жетілуге аса қажет сұлулық әлемін қалай түсінгенін бақыладық.
ӘЗИЗ: Адамнан шыққан өнердің кез-келген түрі адам үшін арналған. Адам әрқашан оның негізін құрайды.Табиғат туралы айтатын болсақ та, адамның табиғатпен үйлесімділігі туралы айтамыз. Барлық өнер – ең алдымен адам, адам болуды үйренуге бағытталған. Бұл әлдеқайда маңызды. “Керемет” режиссер, сценарист немесе суретші болу үшін емес. Біз өзімізді тәрбиелейміз, өйткені біз Homo sapiens-ті құрдық – бізге берілген қабілетті, яғни біздің ақыл-ойымызды, сүю қабілетімізді барынша пайдалануымыз керек. Адам өнер арқылы адамгершілікке, жанашырлыққа ие болады.
Егер менің жеке өз басыма келсек, 30 жасымда өнер Академиясына оқуға түстім, өмірім өнерге “дейін” және “кейін” деген екі кезеңге бөлінді.
Тағы бір басты себеп – балалық шақта көп оқыдым, әрдайым қойныма кітап салып жүретінмін. Қазір де балаларды кітап оқуға ынталандыру керек. Әлемдік классиканы оқу арқылы мен түсінген бұл әлем мені рухтандырды. Бұл маған басқа адамды түсінуге, жалпы қоғамды түсінуге көмектесетін негіз болды. Мен өзімнің кім екенімді сұрай бастадым. Ең бастысы кім екеніңді түсіну, қоғамда алатын орныңды білу.
Үй, отбасы, жұмыс – бұл әрине басқа сұрақ. Ал егер де жай ғана өмір сүретін болсаң онда, оның қандай мағынасы бар? Маңыздысы, қоғамдағы өз орныңды білетініңді түсіну, әсіресе адамдарға қаншалықты пайдалы бола алатыныңды білу.
Менің ойымша, егер өз кәсібін жақсы көріп, жан-тәнімен істейтін болса, онда адамның мұғалім, шешен, суретші болуы – бұл өнер. Мұнда өнердің қоғамды қалыптастырудағы маңыздылығы даусыз. Әйтпесе, біз төмен деңгейге қайта оралар едік және жасап шығару қиын болар еді. Адам шығармашылық жасап жатқан кезінде, Құдайға жақындайды, биіктейді. Бұл осы әлемде ерекше түсінік беріп, өмірдегі ең бастысы махаббат екенін бағалай бастайсыз. Адам мұны түсінген кезде, ол жыл өткен сайын әлемді өзгерте алатын нәрсені жасайды, жастарға жалғыз қалмауға нұсқаулық бере алады. Адам жалғыздықта болса, оның мақсаты болмайды, содан ол төмендей береді. Мақсат болса, ол арқылы мотивация да пайда болады.
Сценарий жазғанда, кейін ол тірі адамдарға айналады, содан кейін оны іс жүзінде көрсететін команда пайда болады, міне осы қуаныш әкеледі. Кинода мінезімізді, ұмтылысымыз бен тілегімізді салу арқылы біз кейіпкерлерді рухтандырамыз. Біз кейіпкерлерімізді пайдалана отырып, адамдар өздерін жалғыз сезінбей өздерін ғаламның бір бөлігі ретінде сезініп, бақытты болуына үлес қосамыз.

НАТАЛИЯ: Біз Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдамыз. Бұл жер кемеңгер адамдардың шығармашылық өнері мен қоғамның түйісетін мекені. Бұл жерге адамдар сұлулықты бойларына сіңдіріп, әрбір туындыдан қуат алу үшін келеді. Өнердің қоғамға әсері зор, бұл адамзатты алға жылжытудың негізі. Қорыта келе мен бір дәйексөз келтірсем деймін:
“Біз әрқашан өнер туындыларының эмоционалды және рухани әсерін сезінеміз…Мұражай, сурет галереясы, ғибадатхана немесе сарай болсын, осы баға жетпес қазыналар жинақталған кез келген жер эволюциялық ілгерілеу үшін адамға қажет рухани қуаттың қайнар көзіне айналады”.
Сіз өнердің мақсаты, оның асқақтататын күші бар екені туралы айттыңыз. Кез-келген өнер қандай да бір хабарды жеткізеді, үлкен күшке ие әңгіме адамдарға әсер етеді. Әдетте, өнер туындылары белгілі бір дәрежеде айналада болып жатқан шындықты бейнелейді. Бүгінгі таңда көріп отырған шындық – бұл көптеген адамдардың бытырауын, алдын ала қалыптасқан жалған ойлардың өршуін байқау. Біз балаларымыздың не көріп, не нәрсеге тартылатынын көрудеміз. Көбінесе олардың көретіндері – ол зұлымдықты жүзеге асыру, үмітке емес, түңілуге, қысымға, шарасыздыққа итермелеу. Адамдарды біріктіре алатын, оларға күш беріп немесе үмітке апаратын жолды көрсете алатын күшті әсер ететін құдіреті бар өнер қоғамға қалай көмектесе алады?
ӘЗИЗ: Бұл жерде біз өз өнерімізді көрермендерге қалай жеткіземіз деген сұрақ туындайды. Мысалы, қазір біз кино жайлы айтып отырмыз. Біз коммерциялық емес, бірақ үлкен хабар жеткізетін, адамгершілігі бар, бүгінгі қоғамда қажет болатын, жастарға қажет кинокартина түсірдік. Өкінішке орай, кассалық емес фильм көрерменге дейін келіп жетпейтінін көрудеміз. Мұның себебі, қоғамда ең алдымен материалдық құндылықты бірінші кезекке қоюында. Ал бұл керісінше болу керек. Көп жылдар бойы біз материалдық құндылықтарды бірінші кезекке қойып өмір сүрдік. Бүгінде қандай жетістікке жеттік? Халықтың мәдениетсізденуіне алып келді, яғни балалар кітап оқығысы келмейді, дамығысы келмейді. Әлеуметтік маңызы бар арт-хаус фильмдерді барлық жерде көрсету керек. Сондықтан, не ексең соны орасың дегенді түсінуіміз керек. Ертеңгі күні қоғамда тек физикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын нәрсеге ғана қызығатын маргиналдар пайда болмау үшін мектепте “кино” пәнін енгізіп, тәрбиелейтін кино көрсету керек. Көрермендер арт-хаус фильмдерді көргілері келмейді, өйткені бұл жөнінде білім бермегендігімізден.
Мейрамханаға немесе асханаға кірген кезімде мен мәзір таңдаймын. “Рухани мәзір” дайындау керек. Балалардың ғаламтордан көретіндерінен басқа, терең мағыналы фильмдер көрсету керек, жас ұрпақтардың қалауын тәрбиелеу керек, нәресте кезінен бастап ақ-қарасын айыра білулері керек. Тарковскийді, Филлиниді, Куросаваны барлық әлемдік классиканы көрсетуіміз керек.
Бізде МБАҚ (Мүгедек балалардың ата-аналар қауымдастығы) да осыған ұқсас тәжірибе болды. Біз мүгедек балаларға арт-хаус фильмдерін қойдық, оларды талқыладық. Алдымен олар маған: “балалар түсінбейді, олардың білімі жоқ”, –деді. Мен олардан: «ендеше оларға кім білім беруі керек?», – деп сұрадым. Әрине олар түсінбейтін шығар, бірақ бір бастамасы болуы керек емес пе? Біз фильмдер қойдық, балалар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды, содан кейін пікірлерін жаза бастады.
Менің ойымша, үлкендерді өзгерту қиын. Егер біз алдағы 10-15 жылда бір нәрсені өзгерткіміз келсе, онда қазір балаларға руханилықтың негізін қалауымыз керек, ең бастысы – сүйіспеншілікті үйрету керек. Қарапайым ақиқат – достық, альтруизм, біз қазір ұялатын нәрселерден – біз ұялмауымыз керек, ең бастысы адамның өмірі екенін түсініп, басқалар туралы ойлайтын адам болып өсуіміз керек.