АСТАНА, Қазақстан — Рим Папасы Франциск пен әл-Азһардың бас имамын қоса әлемнің түкпір-түкпірінен келген дін көшбасшылары жақында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-ші Съезіне жиналып, пандемиядан кейінгі әлемдегі әлеуметтік ілгерілеуге ықпал етудегі діннің рөлін қарастырды.
Елдегі Баһаи қауымдастығының қоғамды ақпараттандыру Офисының директоры және Конгресстегі Баһаи қауымдастығы өкілдерінің бірі Ләззат Янғалиеваның айтуынша, үш жылда бір рет өткізілетін форум діни қауымдастықтарға өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға аса маңызды мүмкіндік береді дейді.
«Діннің рөлі – бейбітшілікті орнату», – дейді ол. «Дегенмен, бұрыннан келе жатқан соқыр нанымдар, қоғамдағы топтарға қарсы зорлық-зомбылықты ақтайтын стереотиптер, сондай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан зиянды дәстүрлер бүкіл әлемдегі адамдарды бөліп-жаруды жалғастыруда».
Янгалиева ханым, осы қиындықтарға қарамастан, діннің сенім мен ынтымақтастық дәнекерлерін құруда сындарлы рөл атқара алатынының айқын нышандары бар екенін, осы нышандардың пандемия мен жуырдағы экологиялық дағдарыстар кезінде табиғи апаттарға орай әрекет етуде діни қауымдастықтар өздерінің келіспеушіліктерін еңсере алған кезде айқындала түскенін түсіндіреді.
Съездің пленарлық отырысындағы сөйлеген сөзінде Халықаралық Баһаи қауымдастығының Бас хатшысы Дэвид Рутштейн осы пікірлерді қолдап, сенім білдіру «басқаларға және жалпы қоғамға қызмет етуде өзінің ең жоғары көрінісін» табатынын айтты.
Ол, сенім білдіруге лайықты көшбасшыларды сипаттай отырып: «Олар ұжымдық шешім қабылдау мен ұжымдық әрекеттерді құптайды, әрі бүкіл адамзаттың әл-ауқаттылығы мен әділеттілікке деген ұмтылысты ұстанады» – деді.
Доктор Рутштейн қоғамның ілгерілеуі рухани принциптерге негізделген болашаққа ортақ көзқарасқа байланысты екенін қосты.
«Біз адам нәсілінің әралуандығын ардақтай отырып, соқыр нанымдар мен алабөтендіктің барлық түрлерінінің жойылуына күш салуымыз керек, біз сөз бен істерімізбен ерлер мен әйелдердің теңқұқықтылығын шынайы ынтамызбен қолдауымыз керек. Біз ғылым мен діннің үндестігін сөзсіз жақтауымыз керек».
Баhаулланың жазбаларынан үзінді келтіре отырып, доктор Рутштейн былай деп жалғастырды: Баhаулланың «барша адамдар үздіксіз өрбіп отыратын өркениетті ілгерілету үшін жаралған» деген мәлімдемесі әрбір адамның бүкіл адамзат отбасының бейбітшілігі, өркендеуі мен бірлігі үшін үлесін қосуға жауапты екенін білдіреді».
Форум туралы ой толғай Янғалиева ханым осы оқиғадан кейін Қазақстандағы діндер лидерлерінің арасындағы ынтымақтастық рухы күшейе түскенін айтады.
Ол: «Бұл, Съез аяқтағаннан кейін көп ұзамай Дін істері комитеті шақырып, Астанадағы Баһаи ұлттық кеңсесінде өткен жиынындағы әртүрлі діни қауымдастықтардың өкілдері осы форумның болашағын үйлесімділікпен талқылауынан-ақ анық сезілді» – деп мәлімдеді.
Қазақстан үкіметі ұйымдастырған және қонақтары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қошеметімен қабылданған биылғы Съезде әлемнің 50 елінен аса түрлі діндер мен ұлт өкілдерінен тұратын 100-ден астам делегациялар қатысты.
Дереккөз – https://news.bahai.org/story/1622/