«Таптаурындарсыз БАҚ-тағы дін» атты конференция

2026 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан діни бірлестіктер қауымдастығы (AROK), «Media Qoldau» құқықтық медиа орталығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) және Ұлыбритания үкіметі бірлесіп ұйымдастырған «Таптаурындарсыз БАҚ-тағы дін» атты конференцияда діни құндылықтар тұрғысынан қоғам дамуындағы БАҚ рөлін зерттеу үшін сарапшылар, журналистер және діни бірлестіктердің өкілдері бас қосты.

 

Талқылау аясында қатысушылар БАҚ-тың ұйымдары мен діни бірлестіктер арасындағы диалог пен өзара әрекеттесуді орнатудағы маңыздылығына назар аударды, сондай-ақ оның бұрмаланған және біржақты баяндауға жол бермеудегі негізгі атқарымын атап өтті. Сондай-ақ, қатысушылар соңғы жылдары БАҚ саласындағы қоғамдық өзгерістер кезеңін атап өтті. Азаматтық сананың күрт өсуі, пікір білдіру құқығын жүзеге асыру мүмкіндіктері, қоғамды толғандыралаңдататын мәселелерді көтеруге деген ұмтылыс, сондай-ақ күш-қуат пен қабілеттерді таныту мүмкіндіктерін пайда болуы байқалды.

 

Қоғамдық дискурс қалыптастыру мен ілгерілетудегі БАҚ-тың маңызды рөлін атап өте отырып, Астана қаласының Баһаи Қауымдастығының өкілі Мәншүк Әбдікәрім БАҚ-ты сындарлы мақсаттарда — жасампаздық пен оң түрлендіруде — пайдалану үшін қоғамға көмектесуге қабілетті тәсілдерді іздеу зерттеу нысанына айналуы мүмкін екенін ерекше атап өтті. Ол кез келген контентті жасау кезінде оның ықтимал салдарын ескеру маңызды екенін атап өтті: ол адамдарды бірлестіре ме, әлде керісінше қорқыныш пен жатсынуды тудыра ма.

Өз сөзінде Мәншүк БАҚ-тың қоғам түсінігін қалыптастыратынын және қоғамдық мәдениетті нығайтуға үлес қосатынын айтып бөлісті. “БАҚ-та жеккөрушілік тілдің таралуына жол бермейтін және БАҚ-тағы хабарламалардың мұқият, объективті және бейтарап болуын қамтамасыз ететін кәсіби журналистік этика стандарттарын нығаюғайту тиісті” – деді Мәншүк.

 

Қорытындылай келе, ол: «Бірлесе дискурстарға қатыса және бір-бірімізбен тәжірибемен бөлісе отырып біз өшпенділік тілін жеңе аламыз. Азаматтық қоғам топтарының анағұрлым көбірек санын, БАҚ өкілдерін және мүдделі тұлғаларды тарту арқылы бұл диалогты кеңейту қажеттілігі сезіледі», – деп бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *