Конфессияаралық үйлесімділік құрудағы болашақтың нарративтері

2025 жылдың қараша айында өткен, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, діни бірлестіктердің, сарапшылар қауымдастығының өкілдері мен жастар лидерлерінің басын қосқан конференцияда қатысушылар қазіргі заманның сын-қатерлері мен дінаралық өзара әрекеттестікті нығайтудың жаңа тәсілдері жайлы ойтолғап, табысты тәжірибелерімен алмасты.

«Конфессияаралық үйлесімділік құрудағы болашақтың нарративтері» атты конференцияны Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен Қазақстан діни бірлестіктер қауымдастығы (ҚДБҚ) мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) бірлесіп ұйымдастырды.

Талқылаулар барысында қатысушылар діни бірлестіктер өкілдері мен жас лидерлердің қатысуымен ақылдастық кеңестер мен жұмыс топтарын құрудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай алаңдар әртүрлі ұрпақтар арасындағы күш-жігер салуды біріктіруге, тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз етуге және сындарлы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай туғызады.

Конфессияаралық бейбіт қатар өмір сүрудің түйінді маңыздылығын мойындай отырып, қатысушылар елдегі діни әралуандық аясындағы конфессияаралық диалогты одан әрі дамытудың, өзара құрметті нығайтудың және діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастыққа арналған тұрақты алаңдар құрудың маңыздылығы туралы бірыңғай ұстаным білдірді. Конференция қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтатын үйлесімділік мәдениетін дамытуға және оң нарративтерді ілгері бастыруға едәуір үлес қосты.

Баһаи қауымдастығын осы кеңістікте Қазақстан баһаиларының Ұлттық Рухани Жиналысының хатшысы Сәбит Әлинұр өкілеттеді. Ол мұндай алаңдардың әртүрлі мәдениеттер мен діндер бірлікте қатар өмір сүре алатын тұрақты әлемге үлес қосу ретіндегі маңыздылығына назар аудартты.

Жастардың жаңа ойлау иелері және әділ әлемнің құрушылары ретіндегі рөлін атап өтіп, ол жас ұрпаққа жаппай өнегелік білім берудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай білім адамның бойында өзінің интеллектуалдық және рухани өсуіне деген жауапкершілігін әлпештеп өсіре отырып, гуманизмнің, адамның қадір-қасиетінің және шындықты өз бетінше зерттеу қабілетінің іргелі құндылықтарына негізделген болуы, барлығына бірдей қолжетімді болуы тиісті. Осылайша, білім тек білім алу құралына ғана емес, сонымен қатар адамдардың қоғамды түрлендірудің белсенді жақтаушыларына айналатын үдеріске айналады.

Өз сөз сөйлеуінде ол сондай-ақ баһаилардың жастарды сүйемелдеу тәжірибесіне сүйене отырып, адамзаттың туа біткен бекзаттығы мен адам өмірінің қосбірлікті мақсатын, сондай-ақ ақиқатты өз бетімен зерттеу қағидаттарын және әрбір адамның білім алуының маңыздылығын түсіну жастарға жасөспірімдердің өнегелік және зияттық әлеуетін ашуға бағытталған күш-жігер салуларында көмектесетінін айтып бөлісті. Дәл осы нәрсе өскелең ұрпақты өз қоғамдастықтарына қызмет етуге арналған мағыналы өмірді сүруге бағыттайды.

«Біздің алдымызда бұл әңгімені кең қоғамға жеткізу, өз әралуандығында біртұтаста бай болып табылатын, біртұтас адамзат отбасы ретіндегі болашағымыз туралы көзбағдарды кеңейте отырып, әртүрлі топтар мен жергілікті қауымдастықтар деңгейінде күш-жігер салуға кірісу міндеті тұр», – деп қорытындылады Сәбит Әлинұр.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *