Даму форумында әйелдер мен қыздардың даму тақырыбы талқылануда

8 маусым, 2018

The European Development Days is a major forum organized by the European Commission to bring together the development community for the exchange of experiences and ideas. The theme of this year’s forum was “Women and girls at the forefront of sustainable development.” Photo Credit: EDD 2018

«Еуропалық даму күндері» (European Development Days) – бұл тәжiрибе мен идеялар алмасуға даму қауымдастығын бірге жинайтын Еурокомиссиямен ұйымдастырылған iрi форум. Биылғы жылғы форумның тақырыбы «Әйелдер мен қыздар тұрақты дамудың алдыңғы шегінде» деп аталды. Фото ұсынылды: EDD 2018

БРЮССЕЛЬ – Осы аптада  сегіз мың адам «Әйелдер мен қыздар тұрақты дамудың алдыңғы шегінде» тақырыбына шоғырланған маңызды форумға жиналды. Бұл оқиға 5 және 6 маусымда Брюссельде өткен Еуропалық даму күндері деп аталатын Еуропалық Комиссияның жыл сайынғы іс- шарасының аясында өтті. Қатысушылар арасында үкімет басшылары, корольдік отбасылардың мүшелері және еуропалық шенеуніктер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және діни топтардың өкілдері болды.

«Әйелдер жағдайының жақсаруы әйелдердiң ер адамдармен бiрдей қызметте болуы немесе әлеуметтік құрылымдарға қатысуымен шектелмейдi», – деп Халықаралық Баһаи Қауымдастығының (ХБҚ) өкілі Рейчел Байани ХБҚ Брюссельдік бюросымен ұйымдастырылған форумның бірінші күнiнде сөз сөйлеген болатын.

 

«Бізге анағұрлым жаһандық және өзара байланысқан қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін әйелдер мен ерлердің бірге тұжырымдамалаған және құрған жаңа құрылымдары мен қарым-қатынастары қажет», – деп жалғастырды ол.

5 маусымда өткен сессияда ХБҚ көптеген онжылдықтар бойы айналысатын және Баһаулланың іліміне негізделетін қыздардың білім алу тақырыбына басты көңiл бөлiндi. ХБҚ-ның іс-шарасына қатысқан Еуропалық Парламенттің вице-президенті Хайди Хаутала (Heidi Hautala) әлеуметтік-экономикалық даму жобалары аясындағы қыз балалардың білім алуын қамтамасыз етудің зор маңыздылығын атап өтті.

Сессияда Халықаралық Баһаи Қауымдастығы қыздардың білім алу тақырыбына арналған марапатқа лайықты «Мейірімділік батасы» (Mercy’s Blessing) фильмін көрсетті. [Фильмде пайдаланылған сөздер: Мёрси («Мейірімділік») және Блессинг («Бата») – кедей африкалық ауылда тұратын ағасы мен қарындасы. Блессинг қарындасының білім алуы үшін өзінің білімін құрбан етедi].

Сәрсенбі күні 6 маусымда аяқталған конференцияда әлеуметтік-экономикалық даму мәнмәтініндегі әйелдердің құқықтарын қорғау мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты кең ауқымды тақырыптар қозғалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *