Университет студенттері шабыттанып әрекет етуде

14 маусым 2018

ISGP’s seminars for university students will be held in more than 40 countries this year. These participants gathered at a seminar in Brazil.

Биылғы жылы университет студенттері үшін ISGP семинарлары әлемнің 40-тан астам елінде өтеді. Бұл қатысушылар Бразилияда өткен семинарға жиналды.

БАҺАИ ӘЛЕМДІК ОРТАЛЫҒЫ – Жақында АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстік бөлігінен ондаған студенттер жазғы демалыстың алғашқы екі аптасын өте ерекше өткізді. Олар бар күштерімен әлеуметтік өзгерістердің мәселелерін зерттеп, талқылады. Олар бейбіт және жаһандық өркениетті құрудағы, жеке және ұжымдық деңгейде, өздерінің рөлі жайында ой толғады.

Келесі алты айда мұндай топтар әлемнің көптеген аймақтарында жиналатын болады. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америкадан, Еуропадан, Азиядан, Африкадан және Австралиядан мыңдаған университет студенттері дәл осындай қарқынды оқу ортасына енеді. Оларға бұл үшін дәстүрлі ынталандырулар болмайды – оларға баға берілмейді, олар сертификаттар мен дипломдар алмайды және олардың жұмысын артқы қатарда отырған жұмыс берушілер бағаламайды.

«Біз жастардың әлемді өзгертуге ниеті және мүмкіндігі бар екендігі туралы көп айтамыз. Бірақ, менің ойымша, осы кеңістікте сіз, шын мәнінде, олардың неге қабілетті екендерін және қоғамды өзгеруге деген олардың бойындағы идеализм жайында белгілі бір түсінік ала аласыз. Сіз жастардың – егер оларға өздерінің интеллектуалдық және рухани өсуіне және қоғамның түрленуіне үлес қосу қабілеттерін дамытуға көмектесетін білім беру бағдарламасына қатысуға мүмкіндік берілсе –қалайша қуатты өзгеріс көзі бола алатынын көресіз»,– деп көптеген жылдар бойы Азияда осы бағдарламамен жұмыс істеген Aраш Фазлы түсiндiредi.

 

«Жеке мен үшін», – деп доктор Фазлы жалғастыруда, – «қатысушылардың шынайылығын, олардың курс материалдарындағы тұжырымдамаларға қалай жауап беретінін, олардың осы идеяларға және материалдарда көрсетілген бекзаттылық көрінісіне қалай сүйсінгенін көру, –  мұның барлығы, өкінішке орай, қазіргі қоғамның жастарды үйретіп жатқан арсыз көзқарастарын сейілтуге көмектеседі».

Бұл бағдарламаны жаһандық өркендеуді зерттеу институты (ISGP) ұсынды. 1999 жылы негізі қаланған ISGP Баһаи ілімі қағидаларымен шабыттанған, коммерциялық емес ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымы ретінде әрекет етеді. ISGP мақсаттарының бірі басқалармен білім мен тәжірибенің екі эволюциялық жүйесі ретіндегі ғылым мен діннің өркениет дамуында ойнайтын өзара толықтырушы рөлін зерттеу болып табылады. Адамдардың бойындағы қабілеттерін дамыту мен қоғамды жақсартуға деген сұрақтарды  зерттеуге арналған кеңістіктерді құруға қатысты күш-жігерлерінің бөлігі ретінде ISGP төрт жыл сайынғы семинарлар бірізділігін ұсынады.

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын, отыз шақты адам Куала-Лумпур, Малайзияда бакалавр студеттері үшін өткізілген тұңғыш ISGP семинарына қатысқан болатын. Содан бері бағдарлама жүз үш елден келген бес мыңнан астам студенттерді қамтыды.

A group of youth attend the seminar in Kazakhstan, where the seminars have taken place since 2010.

Қазақстанда 2010 жылдан бастап өтетін семинарлардың қатысушылары

Бұл семинарлардың мақсаты – қатысушыларға өздерінің университеттік білімдерін қоғамның түрленуіне үлес қосуға қатысты күш-жігерлерінің ажырамас бөлігі ретінде көруге көмектесу. Семинарлар оларға терең өзгерістердің табиғаты – оның нені талап ететіні және қалай пайда бола алуы мүмкін екені – туралы ойлануға мүмкіндік бере отырып, олардың анағұрлым әділ және біртұтас әлемге деген ұмтылысын күшейтуге тырысады.

«Көптеген студенттер жастардың әлеуметтік түрлену үрдістерінде маңызды рөл атқаратындығын түсіне отырып, семинарларға қатысады», – дейді Франциядағы ISGP тобының үйлестірушісі Талия Мелик. – «Олар өз өмірлерін толықтай қызмет етуге арнауды және өмірлерінің барлық салаларында адамзаттың дамуына үлес қосуды қалайды. Олар осында өздері үшін көбірек үйренуге ынталанудың көзі болып табылатын кейбір практикалық сұрақтармен келіп отырады, мысалы, «Оқу барысында алған білімімді және болашақ кәсібімді адамзаттың пайдасына қалай қолдана аламын?»

 

«Студенттер болашаққа қатысты, және барлық факторларды ескере отырып, осындай шешімдерді қалай қабылдауға болатыны жайында өте күрделі және терең сұрақтар қояды», – дейді Мелик ханым. –      «Қатысушылардан естіген және оларды шынымен де қызықтыратын бір нәрсе – бұл университет кеңістігінің ішкі құндылығының барын түсіну: бұл – олардың қоғамға қызмет ете алатын және қызмет ету әлеуетін нығайтатын орын. Мұның өзі олар алатын білім арқылы немесе өздерінің құрдастарымен және профессорларымен қарым-қатынас жасау үшін ашық болған мүмкіндіктер арқылы немесе Баһаи қағидаларының олардың кәсіби салаларында қалай қолданылатынын зерттеу арқылы пайда болады». – «Семинарлар оларға дінді тек өздерінің жеке өмірлері тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар оны  өркениетті құруға қалай қатысты екені тұрғысынан да зерттеуге көмектеседі. Олар климаттың өзгеруі, нәсілшілдік пен экономикалық теңсіздік секілді адамзат алдында кездесетін мәселелер мен рухани қағидалардың байланысын зерттейді», – деп ол жалғастырады.

Мұнда студенттерге кеңінен ойлауға, өзгеретін қоғамның үстірт немесе оңайлатылған тұжырымдамаларынан жоғары көтерілуге көмектеседі. Сонымен қатар семинарлар қатысушыларды олар жоғары оқу орындарын тәмамдап, жұмыс жасай бастағанда, жастардың жүректерінде орнығып алатын арсыздықтан –  олардың күш-жігерлері жағдайды өзгерте алатыны және жалпы әлем шынымен де жақсара ала ма, жоқ па деген түңілуден туындайтын арсыздықтан – сақтауға бағытталған.

Төрт жыл бойы семинарларда оқылған материалдар оларға өздерінің білімдеріне жұмыс істеу тәсілі немесе жеке мансабын көтеру құралынан гөрі анағұрлым зор нәрсе ретінде қарауға көмектеседі. Бұл оларға өздерінің оқу салалары қоғамның қозғалысына жағымды бағытта, бірлікке, әділеттілікке және адамзат бірлігін жүзеге асыруға қарай үлес қосу қабілеттеріне өте құнды факторлар болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.

 

««Олар климаттың өзгеруі, нәсілшілдік пен экономикалық теңсіздік секілді адамзат алдында кездесетін мәселелер мен рухани қағидалардың байланысын зерттейді»,

 

– Талия Мелик

 

Төрт жыл бойы студенттер ғылыми көзқарасты дамытудың маңыздылығын қарастыратын ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар пәндерді оқиды. Олар әлеуметтік күштерді талдауды үйренеді және қоғамның игілігі үшін тиімді түрде өздерінің күш-қуаттарын қалайша бағыттай алатындарын қарастырады. Соған қоса олардың, әсіресе мамандық таңдап, өздерінің болашақтағы өмірлік жолдарын анықтау кезіндегі өмірлерінің сол бір маңызды сәттерінде, өмірдің рухани және материалдық қырларының бір-бірін қалай күшейтетіндігін түсінуге мүмкіндіктері бар.

«Университет студенттері өздерінің студенттік жылдарында өте күрделі міндеттерді шешуі керек. Оларға өмірдің мақсаты неде, табыс деген не, бақыт, жақсы өмір деген не және оларға қалай қол жеткізуге болатындығы қаншалықты маңызды екені жайындағы көптеген идеяларды үсті-үстіне жаудырады», -деп Солтүстік Америкадағы семинарларды үйлестіру тобының қызметкері Аарон Йейтс (Aaron Yates) ойын білдіреді.

Йейтс мырза заманауи білім берудің студенттерге қоғам күрделілігін түсінуге жиі мүмкіндік бермейтіні жайлы мәселесін көтереді: «Көптеген білім беру бағдарламалары студенттерге қоғамды адамдар жиынтығынан гөрі анағұрлым зор нәрсе ретінде қарауға көмектеспейді. Тіпті институттар  идеясының өзі жиі соншалықты терең зерттелмейді. Яғни институттардың не екені жайындағы түсінікке немесе олардың қоғамымызды, іс жүзінде, қалай құрылымдайтынына көңіл аударылмайды. Бұл біздің жеке деңгейімізден тыс әлемді жақсартуға үлес қосудың не екені жайында ойлау қабілетімізді шектейді.

 

«Менің ойымша, семинарларға қатысушылардың көбісі Баһаулла Ашылымында жақсы әлемнің көрінісін табатындықтан және семинарлар оларға өздері сияқты пікірлес адамдарды – дәл сондай мәселелерге тап болған, өмірдің дәл сондай кезеңінде өмір сүріп жатқан адамдарды –кездестіруге мүмкіндік беретіндктен, олар осы семинарларға қатысады», – дейді Иейтс мырза. – «Шын мәнінде, бұл олардың өмірлеріндегі өздерінің болашақтарына және олардың таңдайтын бағыттарына қатысты шешімдер қабылдайтын өте маңызды сәт, ал семинарлар оларға біздің барлығымыз өмір сүріп жатқан әлемді жақсартуға үлес қосу үшін Баһаулла Жазбаларындағы көріністі өздерінің өмірлерінде қалайша іске асыра алатындары жайлы өте мұқият және терең ойлануға мүмкіндік береді».

«Бұл семинарлардың жастарға осындай мәселелерді зерттеу  үшін ұсынатын кеңістігін басқа жерден оңайлықпен таба алмайсыз», – дейді ол.

Кениядағы семинарларды үйлестіретін Линнет Сифуна (Linnet Sifuna) соңғы бірнеше жылдардағы осы бағдарламаның өсуі жайлы ой толғайды: «Семинарлардың алғашқы жылында бізде әр түрлі ақпараттық және жарнамалық іс-шаралар арқылы жиналған шағын топ болды. Бірақ осы бірінші жылдан кейін семинарларға қатысқан жастар үйлеріне оралып, достарымен білгендерін бөлісті, сөйтіп, келесі жылы семинарда қатысушылар саны бірінші жылға қарағанда әлдеқайда жоғары болды».

«Алғашында, біз, бәлкім, бұл – жастардың араласуға деген талпыныстары болар деп ойладық, бірақ кейінірек біз олардың, шын мәнінде, осы семинарлардан көп нәрсені үйренетіндерін түсіндік. Бұл оларға өздерінің университеттік біліміне жаңа көзқараспен қарауға көмектеседі және оларды үйренуге және өздерінің қауымдастықтарына пайдалы болуға ынталандырады», – дейді Сифуна ханым.

Соңғы онжылдықтағы семинарлардың дамуы – бұл үлкен шабыт беретін оқиға. Оның негізінде жастар қоғамды түрлендіруде және мәңгі дамып жатқан әлемдік өркениеттің өрлеуінде өте маңызды рөл атқарады деген түсінік жатыр.

3 thoughts on “Университет студенттері шабыттанып әрекет етуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *