Рухани білім алу

kruzhok-1024×683
dsc04325-1024×588
kruzhok-2

Сенім Ілімі Қасиетті Жазбаларды күніне екі рет оқуды тағайындайды – таңертең және кеште. Қаситетті жазбалардың оқу ұзақтығын, мерзімін және мазмұнын таңдау тұлғалардың өзіне қалдырылған. Көптеген адамдар Жазбаларға оқуды өзін-өзі күнделікті қалай ұстау, бетпе-бет келген қиындықтарды жеңуде шабытты қайдан алу керектігі туралы күнделікті еске салу ретінде қарастырады. Қазақстандағы көптеген баһаилар үшін, отбасының терең мағынасы мен оған деген іңкәрліктің күші арқасында, Жазбаларды отбасы арасында оқып үйрену кәдімгі құбылысқа айналды. Қасиетті Жазбаларды оқуға отбасы мүшелерінен басқа қоршаған ортасының әлеуметтік, материалдық және рухани дамуына үлесін қосқысы келетін кез-келген достар мен туысқандары қосыла алады.

Жазбаларды оқып болғаннан кейінгі талқылаулар әркез қуанышты және асқақ. Жазбаларды оқып үйрену арқылы адам өзінің және қоғамның болмысы туралы білгісі келетін мұқтаждығын қандырады. Білімді одан әрі тереңдету үшін материалдар іріктемесі бар. Олардың ең алғашқысы адамның жер бетінде не үшін жаратлығандығы туралы түсіндіріледі. Ананың жатырындағы эмбрионның дүниеге келгендегі өміріне физикалық дайындалуы секілді материалды өмірдің мәні – адамға интеллект, мінез, және басқа да адами ізгі рухани күштерді дамыту үшін арналған.  Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін адамға қоғамдық орта керек. Қалған іріктемелер адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас, әлемде болып жатқан үдерістер, білімнің арнайы аспектілерінің табиғатын ашады; қызмет жолында коллектив және қоғаммен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Алған білімді тәжірибеде қолдана білу арқылы қатысушылар қоршаған ортасының әлеуметтік жағдайына үлес қосуды үйренеді. Мысалы, қатысушылар, балаларын құндылықтарға үйретуді, өзгелер жеке басымен рухани ақиқатты іздеу зерттеу үшін оларға күш-жігер беру және көмектесуді, өз ойын жетік жеткізуді, бірлік, әділеттілік және теңдікке қол жеткізу үшін қоғамның қажеттіліктеріне қызмет етуді үйренеді. Көзқарасы мен идеяларының әр түрлілігіне қарамастан аталмыш материалдарды кез-келген адам оқып үйрене алады.