Табыну

«…Нағыз сенім – Құдайдың бірлігін мойындау ғана емес, бірақ барлық мінсіздіктер мен игіліктер пайда болатын өмір…» –Абдул-Баһа

Табыну актілері – діни өмірдің ажырамас бөлігі. Оның көмегімен жеке адамдар мен барлық қауымдастықтар Құдай мен адамзат арасындағы ерекше байланысты үздіксіз нығайта алады. Бұл байланыс қауымдастықтарды ұстап тұрған қарым-қатынастарды өмірмен толтырады; бұл адамдар және қауымдастықтың бөлек элементтері мен институттары арасындағы қатынастар. Дұға біздің рухани өміріміз бен өсуіміз үшін маңызды. Ол арқылы біз Құдайды мадақтап және Оған деген сезімімізді білдіріп, көмек сұрай аламыз. Дұға оқу арқылы ойланып толғана білу қабілеттілігі – адам болмысының ерекшелігі. Баһаи жазбаларында адамның дамуы ойлану мен толғанусыз мүмкін болмайды деп айтылады. Ораза ұстау мен қажылық – адамзат тарихындағы діни өміріндегі маңызды рөл атқаратын табыну актілері болып табылады. Қызмет ету рухында атқарылған жұмыс та табыну актісі болып қарастырыла алады.

«Барлығыңыз ортақ ынтымақтастық пен қуанышта жиылыңыздар және мейірімді Құдаймен ашылған Қасиетті Жазбалар жолдарын жырға қосып айтыңыздар. Егер осыны орындасаңыздар, нағыз білімнің есігі сіздің ішкі ізденісіңіздің алдында ашылады, кіршіксіз сенім сіздің рухыңызды күшейтеді, ал жүрек жарқын қуанышқа бөленеді».

— Баһаулла