Табиғат

«Былай де: Табиғат шын мәнінде Менің Есімімнің, Жаратушы, Жасаушы іске асуы.» –Баһаулла

Құдайдың қасиеттері әрбір жаратылған заттан байқауға болады. «Табиғат, — дейді Баһаулла, —Құдайдың қалауы және уағдылы әлемдегі Оның әлем арқылы білдірілуі. Яғни, табиғат Құдай есімі «Жаратушыны» білдіруі.

Материалдық ресурстар өркениеттің алға дамуына әркез қажет болады. Абдул-Баһа адамзат «табиғи лабораториядан әрқашан жаңа да әрі тамаша заттар алып отырады» – деп жазды. Өркениеттің дамуы үшін табиғи ресурстарды пайдаланудың ең керемет жолдарын зерттей келе, біз өзіміздің өмірмен қамтамасыз ету көздері мен байлығымызға саналы түрде қарағанымыз жөн. Құдайдың табиғаттағы көріністерін байқай отырып және оларды Оның еркі ретінде қабылдай отырып, біз табиғат әлеміне деген терең сыйластық сезіміне толамыз. Бірақ мұны табиғатқа табынуға шақыру деп түсінбеген жөн.

Адамзат табиғат құлдығынан құтыла алатын қабілетіне ие;  «егер адам табиғаттың тұтқыны ретінде қала берсе, адам өзін жыртқыш аң секілді ұстайды, себебі тірлік үшін күрес табиғат әлеміндегі аса қажеттілік.» Дегенмен, табиғат әлемі – адамзат рухының әрбір мүшесі үшін планетаның ресурстарының үйлестірушісі ретінде жауапкершілігі Таңғажайып міндет болып табылады.

«Біз өзіміздің қарым-қатынасымызды өзгертіп, концепцияларымызды қайта ойлап, іс-әрекеттерімізде жаңа бағыт алуымыз керек. Адамзатты аман сақтау жолында адамның ішкі өмірі, оның қоршаған ортасы секілді қайта құрылу керек.»

— Шоги Эффенди атынан жазылған хаттардан