Мәңгі алға жылжушы өркениет

«Барлық адамдар мәңгі дамушы өркениетті алға жылжыту үшін жаратылған.» — Баһаулла

Баһаи жазбаларында адамзат балалық шақ кезеңінен өтіп қазіргі уақытта ұжымдық жетілу шағында тұр деп түсіндіріледі. Бүгінгі таңда болып жатқан революциялық және ауқымды өзгерістерді балдәурен шаққа ұқсатуға болады және олар осы ауыспалы кезеңнің ерекшеліктері болып табылады. Бұл кезеңде ертеректегі даму сатыларында жинақталған қарым-қатынастар мен әдеттер байқала бастайды және жаңа ойлау, әрекет ету нысандарына тамырланады. Бұл жетілу шағына жақындағанды білдіреді. Абдул-Баһа былай деп түсіндіреді:  «Бұрынғы заманда рулардың даму барысында қажеттілігін қанағаттандырған нәрселер, бүгінгі таңдағы жаңашылықтар мен жетістіктерге сәйкес келе алмайды». Әрі қарай Ол былай деп жалғастырады: «Қазір адам жаңа ізгіліктер мен күшпен, жаңа өнегелі эталондармен, жаңа қабілеттермен толтырылуы керек… Жастық шақ кезеңіндегі сыйлар мен игіліктер адамзаттың балдәурен кезеңіне сай әрі жеткілікті болса да, ересектік кезеңіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті емес.»

Ересектік кезеңнің жақындағанының ерекше белгісі – адамзат нәсілдерінің бірігуі болып табылады. Шоги Эффенди «отбасы, тайпалар, қала-мемлекеттер және ұлттардың бірігуі толық орындалған болса», дүниежүзілік бірлік – «адамзат талпынған мақсат» деп жазады. Басқа жазбаларында Ол «бүкіләлемдік өркениеттің мерейтойын ешбір қарапайым көз көріп, ақыл елестете алмаған» деген жолдарға сілтеме жасайды. Ол былай деп сұрайды: «Кім адамзат даму жолында жетуге тиісті биік байрақты елестете алады? Кім адам интеллекті қалықтап жететін биіктерді өлшей алады? Кім өз даңқымен жарқыраған, Баһаулланың сәулесінен жаңа өмір тыныстаған адам рухы табатын патшалықтарды елестете алады?»

Материалды және рухани тұрғыдан гүлденіп жатқан жаһанды өркениеттің пайда болуы, өмірдің тәжірибелік және рухани аспектілері қатар даму керек екендігін білдіреді. Сенім және ақыл-ой жеке адамдар мен жалпы адамзатта жасырынған күш пен қабілетті көрсетуге және осы әлеуетті мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін жұмыстануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ғылым мен діннің арасындағы негізгі үйлесімділікті тану жер тұрғындары арасында рухани және материалды білімді қалыптастырып, қолданып, оны таратуға мүмкіндік береді.

 

«Адамзаттың берік бірлігі қамтамасыз етілмейінше, оның әл-ауқаты, әлемі және қауіпсіздігі мүмкін болмайды.»

— Баһаулла