Ортақ адамзат отбасы

«Бір қолдың саусақтары және бір ортақ дененің мүшелері секілді болыңдар. Ашылым қаламының сіздерге деген кеңесі солай…» — Баһаулла

Баһаи жазбаларында барлығымыз бір адамзат нәсіліне жатамыз деген ұйғарым бар. Адамзат бірлігінің қағидасы «Баһаулла ілімінің қағидалары жинақталған бірлік…» болып табылады.

Баһаулла адамдар әлемін адам денесімен салыстырады. Бұл ағзада бір-бірінен нысан, қызметтері бойынша ерекшеленетін және сау жүйені ұстап тұруда маңызды рөл атқаратын миллиондаған жасушалар бар. Дененің саулығын қамтамасыз етудегі қағида – ынтымақтастық. Дененің әр түрлі бөліктері ресурстарға қол жеткізу үшін күреспейді, керісінше әрбір жасуша беру мен алудың үздіксіз үдерісіне қатысады.

Адамзаттың бірлігін мойындау үшін, нәсілдік, гендерлік және діни қате түсініктерден арылу қажетпіз.

«Адамзат үшін негізін қалаушы нағыз бауырмалдылық бар; барлығы бір Құдайдың құлдары және Құдайдың қорғанысының астындағы бір отбасыға жатады».

— Абдул-Баһа