Ортақ әлем

«Берік бірлік орнамайынша адамзаттың әл-ауқаты, оның бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қол жеткізу мүмкін емес.» — Бахаулла

Ортақ әлем
Бахаулла ілімінің қағидалары масштабы бойынша жан-жақты. Олар табиғат және Ашылымның мақсаты, адамға тән кішіпейілділік, рухани қасиеттердің дамуы және адамзаттың табиғат әлемімен қарым-қатынасы секілді тақырыптарды қозғайды. Бахаи жазбаларында бәріне ортақ әлем тақырыбы да жиі қозғалады – «адамзаттың ең жоғары мақсаты», сонымен қатар, осындай әлемдегі әлеуметтік қағидаларды түсіндіреді.

Бұл қағидаларға келесілер жатады: шындықты тәуелсіз іздеу; Бахаи сенімінің негізгі қағидасы болып табылатын адамзаттың біртұтастығы; ырымшылдық нысандарын жою; дін мен ғылым арасындағы үйлесімділік; адамзат құсының ұшуына мүмкіндік беретін екі қанат – әйел мен еркектің арасындағы теңдік; шектен тыс байлық пен кедейшілікті жою; мемлекеттер арасындағы келіспеушліктерді шешуге арналған халықаралық сотты және әділеттілікті адамзат істерін басқарушы қағида ретінде тағайындау. Бахаилар бұл қағидаларды бұлыңғыр ұмтылыстың көрінісі ретінде қарастырмайды, бірақ жеке адамдар, қауымдардың жедел де тәжірибелік назарын қажет ететін мәселелер ретінде қабылдайды.
1985 жылдың қазан айында Бүкіләлемдік Әділеттік Үйі барлық адамзатқа жолдаған «Дүниежүзілік бейбітшілікті қамтамасыз ету» атты ортақ әлем тақырыбындағы хаты туралы хабарлады. Дүниежүзілік бейбітшілік қоғамның дамуындағы келесі саты болатындығының себептерін түсіндіре отырып, келесіні ұйғарады:
Бейнесі пайғамбарлар мен ақындардың сансыз ұрпақтарын бейнелейтін, ғасырлар бойы адамзатқа қасиетті жазбаларды хабарлаған және көптеген жылдар бойы адамдар жүректері талпынып жатырған Асқақ Бейбітшілік қазіргі таңда халықтарға қолжетімді болып отыр. Тарихта бірінші рет әрбіреуіміз бір-бірінен ерекше алуан түрлі халықтары бар планетамызды біртұтас перспективада қарауға мүмкіндік алдық. Дүниежүзілік бейбітшілік мүмкін ғана емес, ол сөзсіз.