Рух өмірі

«Сен Құдай ілімінің кристалдай мөлдір суларының кішкене шығынан болсын дәм татсаң, нағыз өмір тәннің өмірі емес, бірақ рухтың өмірі екеніне оңайлықпен көз жеткізер едің…»— Бахаулла

Бахаулланың ашылымдары адам өмірінің мақсаты – Құдайды тану және оған жақындау деп мәлімдейді. Біздің нағыз болмысымыз – өзімізді және қоғамымызды әркез жақсартып отыруға мүмкіндік беріп отыратын есті рух, еркін ерік және түсінушілік күші. Құдайға және адамзатқа қызмет ету жолында болу өміріміздің мағынасын келтіреді және рух денемізден бөлініп өзінің Жаратушысына деген мәңгілік саяхатын бастайтын мезетке дайындайды.
Бұл бөлімде төрт тақырып қарастырылады. Әр тақырыпта Бахаи жазбаларынан үзінділер қарастырылады.

Адам рухы
Әр адам осы әлемге тек қысқа уақытқа ғана келіп Құдайға мәңгі жақындауға талпынатын өшпес есті рухқа ие. Өміріміздің мақсаты – туыстарымызға қызмет ету арқылы рухани даму. Осылайша, біз бойымызға келесі өмірге қажет болатын рухани қасиеттерді жинақтаймыз.

Табыну
Дұға оқу, медитациялау, ораза ұстау, қажылық ету және басқаларға қызмет ету секілді табыну актілері – діни өмірдің ажырамас бөлігі. Олардың көмегі арқылы жеке адамдар және барша қауымдастықтар Құдай мен адамдар арасындағы ерекше байланысты үздіксіз нығайтып отыра алады.

Жомарттыққа толы өмір
Шамның мақсаты жарық беру болса, адам рухы аямай беру үшін жаратылған. Біз кішіпейілділік және ұңғытсыз өзіміздің уақытымыз, энергиямыз, біліміміз және қаржылық ресурстарымызбен бөлісу арқылы өміріміздің ең басты мақсатымызды орындаймыз.

Мінез-құлық және іс-әрекет
Бұл әлемде рухани қасиеттерді дамыту өзіміздің іс-әрекеттермізді үздіксіз жетілдіріп отырумен өте тығыз байланысты. Өзіне ғана көңіл бөлу арқылы рухани қасиеттерді дамыту мүмкін емес, олар басқаларға қызмет ету арқылы дамиды.