Бахаулла және оның Өсиеті

«Бұл қасиетті Пайғамбарлардың келуі әлемге көктемнің келуімен пара пар болды… ал көктем жаңа жаратылыстың кезеңі …»— Абдул-Баха

Бахаи сенімі Құдай сенім артқан Екі Елшінің уәкілдігінен бастау алады, олар Баб және Бахаулла. Сенімнің бүгінгі таңдағы бірлігі Бахауалланың дүниеден өткеннен кейінгі басшылықтың мираскерлігін қамтамасыз ететін Бахаулланың анық қаулыларынан бастау алады. Өсиет деп аталатын бұл мираскерлік Бахаулладан Оның ұлы Абдул-Бахаға, кейін Оның немересі Шоги Эффендиге және Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйіне өтті. Бахаилар Баб пен Бахаулланың таңғажайып уәкілеттілігі мен Олардың мираскерлерін мойындайды.

Баб
(1819-1850)
Баб Бахаи сенімінің Жаршысы болып табылады. XIX ғасырдың орталарында Ол адамзаттың рухани өмірін жаңартуға жолдау алып келгендігі туралы жариалады. Оның міндеті бейбітшіл және әділетті заманның бастамасына жол салатын өзінен де әлдеқайда ұлы Құдайдың екінші Елшісіне жол ашу болды.

Бахаулла
(1817-1892)
Бахаулла — «Құдайдың Даңқы» — Баб пен бағзы Елшілердің болжаған Уәдесі. Бахаулла адамзатқа Құдайдың жаңа Ашылымын алып келді. Мыңдаған тақпақтар, жолдаулар және кітаптар Оның қаламынан тарады. Өзінің Жазбаларында Ол адами өмірдің рухани да материалды аспектілері есепке алынатын әлемдегі өркениеттің даму жүйесін түсіндірді. Сол себепті, Оған 40 жыл бойы тұтқындық, азап, қуғынға шыдауға тура келді.

Абдул-Баха
(1844-1921)
Өзінің Өсиетінде Бахаулла үлкен ұлы Абдул-Баханы Өзінің ілімінің уәкілетті түсіндірушісі және Сенімнің Басшысы деп тағайындады. Шығыстан Батысқа дейін Абдул-Баха бейбітшіліктің елшісі, бәріне үлгі боларлық адам және жаңа Сенімнің басшысы ретінде танымал болды.

Шоги Эффенди
(1897-1957)
Абдул-Баханың өзі Бахаи сенімінің Қорғаушысы етіп тағайындаған үлкен немересі, Шоги Эффенди, 36 жыл бойы адамзаттың алуан түрлілігін көрсете отырып саны үлкейе бастаған бахаи қауымының бірлігін нығайтуға және түсініктерін тереңдетуге жүйелі жәрдем берді.

Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйі
(1963 жылы қаланған)
Қазіргі таңда Бахаи сенмінің дамуы Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйімен бағытталып отырады. Өзінің заңдар кітабында Бахаулла Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйіне адамзаттың берекелілігіне оң үлес қосу, білім алу, бейбітшілік және жаһанды гүлдену және адамның абыройын қорғау және діндерді қорғауды тапсырды.