Баһаулла ілімі тәжірибе жүзінде

XIX ғасырда Баһаи сенімінің дүниеге келуінен бері, анағұрлым көп адамдар Баһаулланың ілімінде жақсарған әлемнің сенімді көрінісін табуда. Көбісі адамзат бірлігі, ерлер мен әйелдер теңдігі, ырымшылдықтың жойылуы, ғылым мен діннің үйлесімділігі сияқты  бұл ілімнің ұстанымдары төңірегінде жаңа түсініктерге ие болып, Баһаи қағидаларын өздерінің өмірлері мен жұмыстарында пайдалануға талпынуда.

Адамзат бірлігі қағидасымен шабыттанған баһаилар материалдық және рухани тұрғыда үйлесімді жаһандық өркениетті ілгерілету үшін жүздеген ұрпақтар бойынша асқақ мұраттары бар сансыз адамдардың, топтар мен ұйымдардың қатысуы қажет деп сенеді. Осы қозғалысқа үлес қосуға бағытталған Баһаи қауымдастығының күш-жігері қазіргі кезде бүкіл әлем бойы әр түрлі аймақтарда жұмсалып жатыр және олар барлығына да ашық.

Баһаи бастамаларының негізге түйінін қауымдастық құрудың ұзақ мерзімді үрдісі алады, оның мақсаты – адамзат бірлігіне негізделген өмір үлгісі және әлеуметтік құрылымдарды жетілдіру. Осы күш-жігердің бір элементі – бүкіл әлем бойынша елді-мекен және қалалық аймақтарда органикалық түрде дамып келе жатқан білім беру үрдісі. Балалар, жастар мен ересектер үшін рухани тұжырымдамаларды зерттей алатын және оларды өздерінің әлеуметтік орталарында пайдалану қабілеттеріне ие болуға мүмкіндіктерді тудыратын кеңістіктер ұйымдастырылуда. Әр адамды нәсіліне, жынысына және сеніміне қарамастан, өз үлесін қосуға шақырады. Осы үрдісте мыңдаған адамдар қатқан сайын, олар ғылым мен рухани мұрадан жаңа түсінушілікке ие болып, жаңа білімді дамытуға үлес қосуда. Уақыт өте келе, қызмет ету қабілеті бүкіл әлем бойынша әр алуан әлеуметтік жағдайларда дамытылып, қоғамның жақсаруына бағытталған жеке ынта-жігер және анағұрлым күрделі ұжымдық іс-әрекеттерге бастама береді. Жеке тұлғаның өзгеруі және қоғамның өзгеруі бір мезгілде жүзеге асады.

Жергілікті деңгейде қауымдастықты құруға бағытталған күш-жігерден басқа баһаилар  алуан түрлі әлеуметтік іс-әрекеттерге қатысады, осы іс-әрекеттердің көмегімен олар неше түрлі әлеуметтік жағдайларда материалдық өрлеуді дамытуға бағытталған күш-жігерімен рухани қағидаларды пайдалануға талпынады. Баһаидің әкімшілік институттары мен қызметтері, оған қоса, жеке тұлғалар мен ұйымдар академиялық орталар мен кәсіби салалардан бастап, ұлттық және халықаралық форумдар сияқты әр алуан кеңістіктерде болып жатқан өз қоғамдарында басым дискурстарына қатысуда. Бұның бәрі қоғамның ілгерілеуіне үлес қосу мақсатымен жүзеге асуда.

Өздерінің жұмыстарын жасай отырып, баһаилар асқақ мұраттарды қолдап қана қою – олардың іске асуы емес екенін түсінеді. Баһаи қауымдастығы өзінің бірлік пен әділеттік үшін басқалармен бірге еңбектенген сайын, осы жолда көптеген қиындықтардың пайда болатынын мойындайды. Бұл іс-әрекет арқылы үйренудің ұзақ мерзімді үрдісіне негізделген, бұл мақсат осыны білдіреді және діннің қоғамда айрықша маңызды орын алатынына және адамдар, қауымдастықтар мен институттардың қабілеттерін жігерлендіруге арналған ерекше күшке бөленгеніне сенімді.