Бүгінгі таңда Бүкіләлемдік Әділет Үйі Баһаи сенімі және Баһаулла Өсиетінің орталығының халықаралық басқарушы кеңесі болып табылады. Баһаулла Өзінің Китаб-и-Агдас – заңдар кітабында бұл институтты құруды өсиет етіп кеткен болатын.
Бүкіләлемдік Әділет Үйі тоғыз мүшеден тұрады және баһаилардың барлық ұлттық жиналыстары өкілдерімен әрбір бес жыл сайын сайланып отырады. Баһаулла Бүкіләлемдік Әділет Үйіне адамзаттың игілігі үшін әсерлі ықпал жасау, білім беруді, бейбітшілік және жаһандық гүлденуді алға дамытуға үлес қосу, адамның абыройы және діннің алатын орнын сақтау үшін қасиетті бедел жасап кетті. Бұл үй үнемі даму үстіндегі қоғам талаптарына сәйкес баһаи ілімдерін пайдалануы үшін жауапты және осылайша, сенімнің қасиетті мәтіндерінде мағынасы толық ашылмаған мәселелер бойынша заңдар шығару құқығына ие.
1963 жылы алғаш рет сайланғаннан бері Бүкіләлемдік Әділет Үйі әлемдік баһаи қауымын гүлденген жаһандық өркениет құруға қатысу жолындағы өзінің қабілеттерін дамытуға бағыттаумен келеді. Бүкіләлемдік Әділет Үйі жүзеге асырып отырған Құдіретті басшылығы, баһаи қауымы Баһаулланың бүкіләлемдік бейбітшілік туралы көрінісін шындыққа айналдыруды үйрену деңгейіне байланысты, қауымның ой-санасы және әрекетінің бірлігін қамтамасыз етеді.
«Әрбір күннің өз қамы, ал әр қамның өзіне тиісті шешімі болатындықтан, мүшелері уақыт мұқтажы және қажеттілігіне сәйкес әрекет етуі үшін мұндай шаруалар Әділет Үйіне сеніп тапсырылады». – Баһаулла