Баб

babӘлем тарихындағы аса мазасыз кезеңнің бірі – 19 ғасырдың ортасында бір жас көпес Өзінің адамзаттың рухани және әлеуметтік өмірін өзгертуге арналған жолдау әкелгендігі туралы жариялады. Оның туған елі, Иран мемлекеті кең көлемде моральдық құлдырауға ұшырап жатқанда, оның әкелген жолдауы қоғамның барлық топтарында елеңдеу мен үміт отын тұтатып, үлкен екпінмен өз соңынан мыңдаған адамды ерте алды. Ол араб тілінен аударғанда «Қақпа» дегенді білдіретін «Баб» деген атақты қабылдады.

Баб рухани және адамгершілік қайта құруға шақырып, әйелдер мен кедейлердің жағдайын жақсартуға назар аударуды уағыздағандықтан, Оның рухани жаңаруға шақырған жазбалары ақиқатында революциялық үндеу болды. Оған қоса Ол Өзінің соңынан ерушілерді өмірді өзгерту және ерліктің ұлы актілерін орындауға жігерлендіріп, жеке өзіндік, дербес, тәуелсіз діннің негізін қалады.

Баб «адамзат жаңа дәуірдің қарсаңында тұр» деп жария етті. Қысқа алты жылға созылған Оның миссиясының басты мақсаты барлық әлемдік діндерде уәде етілген бейбітшілік және әділдік дәуірінің негізін салатын Құдай Елшісінің келуіне жол дайындау еді.

19 ғасырдың Француз жазушысы А.Л.М. Николас (A.L.M. Nicolas) Бабтың құрметіне:

«Оның өмірі – адамзат баласының көзімен көру құрметіне ие болған ерліктің аса ұлы да жарқын мысалдарының бірі болып табылады…» деп жазды.