Бір ағаштың бұтақтары, бір бұтақтың жапырақтары

Жаһандық қақтығыстардың шиеленісуі мен ізгі ниетті адамдардың адамзат отбасының қауіпсіздігіне деген алаңдаушылығының артуы жағдайында бейбітшілікке деген ұмтылысты нығайту тұрақты күш-жігер салуды қажет етеді. Діндер лидерлерінің VIII Съезі қатысушыларды бір үстел басына отырып, бейбітшілікке деген ұмтылыстарын жариялауға, Киелі Жазбалардың даналығымен бөлісуге, рухани қағидаттар мен жоғары діни стандарттарды заманауи сын-қатерлерге қолдануда өздерінің көзбағдарлары мен тәжірибесін ұсынуға ынталандыра шыққан тектері әртүрлі және діни нанымдары сан түрлі 700-ден астам адамның басын қайтадан бір кеңістікте қосты. Форум сондай-ақ діни және сарапшылық қауымдастықтар арасындағы жақындасуға себептесіп, сонымен қатар өскелең ұрпаққа сандық технологиялардың дамуы дәуірінде өзекті мәселелерді шешуге деген өз көзбағдары мен күш-қуатын ұсынып, үлес қосуға мүмкіндік берді. Қазақстан Үкіметі баһаилардың Халықаралық  Қауымдастығының Бас Хатшысы доктор Дэвид Рутштейнді және оның жұбайы Гейл Рутштейн ханымды, сондай-ақ Қазақстан баһаиларының Ұлттық Рухани Жиналысын Съез жұмысына үлес қосу үшін шақырды.

Съездің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде доктор Дэвид Рутштейн бастауын кеңесу қағидатынан алатын, дінаралық диалогқа деген баһаи көзбағдарын ұсынды. Кеңесу — диалогтың қасиетті де құрылымдық түрі, ол арқылы бірлікке қол жеткізуге болады. Оның табиғатын ашып түсіндіре отырып, доктор Рутштейн бірлікті орнатуға бағытталған диалогты ерекшелеуге тиісті бірнеше шарттармен бөлісті: идеялар жарысынан емес, ақиқатты шынайы іздеуден басталатын фактілерді шыншыл түрде анықтау; барлық қатысушыларға және олардың көзқарастарына деген құрмет; барлық идеяларды мұқият тыңдау; өзіне меншікті идеяларға байланып қалмау; ренжітпей сөйлеу және ренжімей тыңдай алу қабілеті.

«Мұндай диалогқа қол жеткізу діни, этникалық және нәсілдік нәсілдік соқыр нанымдар қабырғаларының күйреп, ынтымақтастық пен өзара қолдау күштеріне жол беруіне, ал адамзат қоғамының кедейлік, климаттың өзгеруі, білім беру және бейбітшілік орнату сияқты орасан зор маңызы бар жаһандық сын-қатерлерді шешуде табысқа жетуіне себептесетін болады».

Жас діни лидерлер Форумында ойды алға жылжытуға үлес қосу ретінде баһаи қауымдастығы тарапынан бәсекелестікке қарама-қарсы ынтымақтастықтың жасампаз рөлін қайта зерделеуді, жас қыздардың техникалық және адамгершілік білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша практикалық қадамдарды және өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға қамқорлық жасау және технологияны пайдалануда саналы таңдау жасау қабілетін дамытуды ұсынатын сауалдарды ортаға салды.

Съез құрметіне және баһаилардың Халықаралық  Қауымдастығының Бас Хатшысының келу сапарына орай Қазақстан баһаилары Қауымдастығы Астана мен Алматы қалаларында мемлекеттік қайраткерлер, діни конфессиялар, ғылыми орталар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен ресми қабылдаулар ұйымдастырды.

Астанадағы қабылдауға орайлатырылып жергілікті баһаи-авторлардың әйелдер рөліне арналған халық өнері көрмесі өтті. Барлық шақырылған қонақтар қатыса алған «Бір ағаштың бұтақтары, бір бұтақтың жапырақтары» атты киіз панноны жасау барысы іс-шараға ерекше ахуал берді. Бірлескен шығармашылық ортақ тамыры бар бүкіл адамзат отбасының бірлігін нығайту символына айналды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *