2024: Жылға шолу

27 желтоқсан 2024 жыл

 

ӘЛЕМДІК БАҺАИ ОРТАЛЫҒЫ – Дүние жүзіндегі қоғамдар жаңа жолдарды іздеп жатқанда, табандылық пен үміттің сансыз оқиғалары жолды жарықтандыруда. Халықаралық жаңалықтар қызметі 2024 жылы жарыққа шығарған кейбір оқиғаларын еске түсіріп, баһаилардың барынша бейбіт әлем орнатуға жәрдемдесуде салып жатқан күш-жігерлеріне назар салуға ұсынады.

Жастар бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда

Оқиғалардың көпшілігі көбінесе жастарды қанағаттандыруды қажет ететін тұтынушылар, шешуді қажет мәселелер ретінде бейнелейді. Алайда, әлем бойынша басқа нақтылық қалыптасуда. Алуан түрлі қоғамдардағы жастар бірлікті нығайтуда таңғаларлық қабілет көрсетуде. Тақырыпаттардың назарынан алшақ, қоғамның ең қарапайым деген кеңістіктерінде мүлдем басқа оқиға өрбуде.

Біріккен Араб Әмірліктерінің тыныш бұрышында баһаилардың адамгершілік білімін беру бағдарламаларына қатысудан шабыт алған жастар тобы кезінде аз пайдаланылмалы жер телімін гүлденген қоғамдық баққа айналдырды. Бұл қауымдастық мүшелеріннің бойында ынтымақтасуға және қамқорлықтарын отбасыларының қарамағынан кеңейте түсуге деген жауапкершілік сезімін оятты.

Барлық жердегі жастар өз қоғамдарында бейбітшілік мәдениетіне үлес қосу мүмкіндіктерін ашуда. 300 жас жиналған Нигердегі жастар конференциясының қатысушысы: “Жастар маңызды таңдау алдында тұр. Біз не әлеуметтік үйлесімділікке қауіп төндіретін күштер алдында енжар болып қала аламыз… немесе келесі ұрпақтың рухани және адамгершілік тәрбиесіне үлес қосу үшін көтеріле аламыз” деді.

Жастар қызмет етуге көтерілген кезде, кедергілер күйрей бастайды. Бүгінгі әлемде “бейбітшілдер” болу дегеннің не екенін түсіну үшін бүкіл Онтариодан жиналған 700-ге жуық жастардың ой-толғаныстарының арасында осы тақырып та болды.

Германияда баһаилардың адамгершілік білім беру бағдарламаларына қатысатын жастар тобы қазіргі жастарға терең әсер ететін «әлеуметтік желілердің шынайы достыққа тигізер әсері» тақырыбына фильм шығарды.

Үмітті жалындату

Тыныш заман кезінде болсын, я дағдарыс кезінде болсын, бір кездері біріне-бірі бейтаныс болған көршілер бір-бірін шабыттандыру мен қуаттандыруға келіп отырды.

Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штаты соңғы 80 жылда болған ең қатты су тасқынына тап болғанда, зардап шеккен аудандардағы баһаилардың қауымдастықтар құру бастамасы тамыр жайған ауылдар мен көршілес аймақтардың тұрғындары достықтың берік байланыстарын құру қабілеті, берілгендік рухы және бірлік сезімі апат кезінде үйлестірілген көмек іс-әрекеттерге қалай бағыттала алатынын тез түсінді.

Акка-Хайфа аймағындағы кездесулер легі достар мен көршілер арасында, олардың мәдени немесе діни шығу тегіне қарамастан, жылы қарым-қатынастарды орнатуды алға жылжытуда. Қатысушылардың бірі, A-CAT компаниясының бас директоры Наим Обейд осы жиындардың мәнін былай жеткізді: «Көзқарастары әртүрлі адамдар мұндай кеңістіктерде кездескен кезде, олар «өзгелермен» кездестіреді, ал «өзгелер» «бізге» айналады».

Қоғамдағы үйлесімділікті алға жылжыту

Әлем бойынша жергілікті деңгейдегі тәжірибелер әртүрлі адамдарда ортақ адамгершілік сезімін оятып, бүгінгі күннің шектеулерінен асып түсетін ілгерілеу көзбағдарына шабыттандыруда.

Жаңалықтар қызметі подкастының көрінісінде Өзбекстандағы баһаилардың қоғаммен байланыс офисінің мүшесі Фаррух Расулов: “Егер біз бәріміз келісіп, адамзаттың бірлігін мойындасақ, онда соқыр нанымдарға орын болмайды.” – деді.

Жаңалықтар қызметі баһаилардың Халықаралық Қауымдастығы (БХҚ) мен бүкіл әлем бойынша баһаилардың ұлттық қауымдастықтарының бейбітшілік пен бірлік жөніндегі дискурсына, оның барлық қилы аспектілерінде, үлес қосуға бағытталған күш-жігерлері жайлы хабарлады.

Өткен жылы баһаилардың Халықаралық Қауымдастығы адамзаттың болашағы жайлы жаһандық әңгімелерге жыл бойы үлесін қосып отырды. БХҚ өкілдері Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының Болашақ саммитіне қатысты.

БХҚ да саммиттің өткізілуіне байланысты мәлімдеме жариялап, халықаралық істердің төрешілерін баламалы орталық ұйымдастыру қағидасының – адамзаттың бірлігінің салдарын қарастыруға шақырды.

 

Азаматтық қоғам конференциясына қатысу арқылы Найроби, Кенияда, сондай-ақ жаһандық басқаруды зерделейтін түрлі бастамаларда, БХҚ біздің негізгі өзара тәуелділігімізді ерекше көңіл аудара атап өтті.

Жаңалықтар қызметі подкастының көрінісінде БХҚ-ның бірнеше онжылдық бойғы қайраткерлігінің барынша кең контексті, сондай-ақ оның қазіргі жұмысы, барлық халықтардың әл-ауқаты мен болашақ жайлы дискурстарға қосқан үлесін зерделенеді.

БХҚ-ның Нью-Йорктегі Офисі жаһандық өзара тәуелділік жайлы жастардың пікірлерін көрсететін “Өзара тәуелділікті қабылдай отырып: өтпелі кезеңде әлемге қажет негіздер” атты қысқа бейнероликті шығарды. Офистің Нью-Йорк және Брюссель бөлімдерінің мәлімдемелерінде қоғамдық ілгерілеудің қалыптасуындағы жастардың басты кейіпкерлер ретінде негіз қалаушы рөлі ерекше аталып өтілді.

АҚШ-та баһаилардың қоғаммен байланыс Офисі және Аспен институты діни нұрлануларға сүйенетін инклюзивті американдық баяндарды зерделейтін ынтымақтастықта жасалған эсселер жинағын шығарды.

Баһаи қауымдастықтары әлем бойынша бейбітшілік пен бірлік жөніндегі дискурстарға үлес қосып отырды. Люксембургте баһаилардың қоғаммен байланыс Офисі енжарлық мәселесін еңсерудегі қауымдастықтың рөлін зерттеу үшін академиктер мен азаматтық қоғам мүшелерін біріктірді. Қазақстанда өткізілген ұлттық кездесулер легінің барысында әрбір адам бойындағы асылдықты көретін адам табиғаты жайлы тұжырымдама тұрғысынан отбасылық өмірдің гүлденуі зерделенді. Үндістанда Нью-Делигі Баһаи ғибадатханасының маңында өткізілген симпозиумда рухани қағидаттармен бағытталып отыратын өнер туындыларының әлеуметтік түрлендірулерге қалай үлес қоса алатыны қарастырылды.

Жаңалықтар қызметі подкастының көрінісінде АҚШ-тағы Мэриленд университетіндегі әлемдік бейбітшілік бойынша Баһаи кафедрасының меңгерушісі Хода Махмуди диалог пен өзара түсіністікті дамытуға деген кафедраның ерекше тәсілдемесі жайлы, сондай-ақ бейбітшілік орнату мен даму саласындағы зерттеу бағдарламалары жайлы әңгімеледі.

“Бейбітшілік – бұл соғысты жоюдан әлдеқайда артық”, – деді доктор Махмуди – “Бізді қызықтыратыны – ол бейбітшілікке кедергі келтіретін тосқауылдарды қалай жоюға болатындығы”. Махмуди ханым бұл үшін шынайы бейбітшіл қоғамның пайда болуына кедергі жасайтын терең тамырланған әлеуметтік мәселелерді зерттеуді қажет ететінін түсіндірді.

Ғылым мен діннің үйлесімділігі — бейбітшіл қоғамға апаратын жол

Діни экстремизм мен ғылыми скептицизмге қатысты өсіп келе жатқан алаңдаушылық аясында ғылым мен діннің үйлесімділігі қағидаты жайлы әңгімелер адамзат алдында тұрған күрделі мәселелерді шешу үшін шешуші маңызға ие болып отыр.

Әзірбайжандағы ұлттық конференцияда Әзірбайжан баһаиларының Ұлттық Рухани Жиналысының мүшесі Рамазан Асгарли ғылым мен діннің үйлесімділігі қағидатына жете тоқталып кетті: “ Бірі зияткерлік ізденіс арқылы бізге материалдық саланы ашса, ал екіншісі өмір бағытын тауып, мағынасын іздеуге көмектеседі. Бірақ екеуі де адамзат игілігіне қызмет етеді

Өткен жыл ішінде бүкіл әлемде осы ойдың адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларына, соның ішінде технологиялар саласына тигізетін салдарларына арналған талқылаулар өтті.

Солтүстік Америкадағы баһаи зерттеулері Ассоциациясының 48-ші жыл сайынғы конференциясына қатысушы, тарих ғылымдарының аспиранты Дженис Ндегва технологиялар мен қоғамның өзара әсерін ерекше атап өтті. Ол баһаи қағидаттары, әсіресе әр адамның асылдығы тұжырымдамасы, қалайша технологиялық даму мен бейімдеудің тәсілдемелерінің негізіне жата алатыны жайлы жан-жақты әңгімеледі: «Егер біз барлық адамдарға білімді қалыптастырудың белсенді қатысушысы бола алатын адамдар ретінде қарайтын болсақ, онда біз әлемнің бір бөлігінде өндірілген технологияларды жай ғана алып, оларды басқа қоғамдастыққа жаппай қолданамыз деген ой мүмкін болмай қалады».

Ғылым мен діннің үйлесімділігін талқылаулар адамзаттың табиғи әлеммен қарым-қатынасы жайлы көзқарастарды байытты.

БХҚ делегациясы Әзірбайжандағы COP29 климаттық саммитіне қатысты.

Баһаи Әлемі журналында жарияланған эсседе жеке адамдар, қауымдастықтар және институттар барынша тұрақты болашаққа қалай үлес қоса алатындығы жайлы қарастырылды.

Колумбияда БҰҰ-ның Калидегі биоалуантүрлілік жөніндегі конференциясына (COP16) қатысушылардың кейбірі Норте-дель-Каука аймағындағы жергілікті Баһаи ғибадатханасына іргелес байырғы орманға бару арқылы рухани қағидаттардың қоршаған ортаны қорғауға қалай нұсқаулық бола алатынының куәгері болды.

“Бұл бастама адамзаттың табиғат әлемін қорғаушы ретінде қасиетті жауапкершілігі бар деген баһаи қағидатын қамтып көрсетеді”, – деді Колумбия Баһаи сыртқы байланыстар Офисінің мүшесі Ксимена Осорио. “ Табиғатқа сүйіспеншілікпен және даналықпен қамқорлық жасаған кезде, – деп жалғастырды ол, – біз биоалуантүрлілікті қорғап қана қоймай, сонымен бірге ұжымдық рухани өсу мен дамуымызды мәпелеп өсіреміз“.

Ауыл шаруашылығының болашағы жайлы БХҚ Брюссель Офисінің жаңа мәлімдемесінде ауыл шаруашылығы жайлы кез келген әңгіменің негізінде тұтастай қамтитын адамзаттың бірлігі қағидаты жатуы қажеттілігі зерделенді.

Әйелдер мен ерлердің теңдігі — бейбітшілік талабы

Бұл бастамаларда, бейбітшілік жай ғана қақтығыстың болмауы ретінде емес, әділеттіліктің, үйлесімділіктің және ерлер мен әйелдер теңдігінің болуы ретінде қарастырылады.

БҰҰ-ның Әйелдердің мәртебесі жөніндегі комиссиясының (ӘМК) 68-ші сессиясында БХҚ өз үлесінде әйелдердің қоғам өміріне толық қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жоюдағы институттардың маңызды рөлін атап өтті. Бұл ой БХҚ-ның осы іс-шараға арналған мәлімдемесінде орталық орнын алуда және ерлер мен әйелдер теңдігі жайлы жаһандық дискурсқа қосқан ұзақ мерзімді үлесіне негізделеді.

Бахрейнде конференциялар легі отбасы қоғамның негізгі ұяшығы ретінде, шеңбері өз аясынан әлдеқайда кең және жалпы қоғамның бейбітшілігі мен бірлігіне себептесетін, түрлендіруге жәрдемдесетін бірегей әлеуетке ие екенін зерделеді.

Боливиядағы форумда әйелдердің білім алуының әлеуметтік ілгерілеудегі басты рөлі зерделенді.

Жаңалықтар қызметі подкастының көрінісінде Азиядағы Кеңесшілердің Құрлықтық Алқасының мүшесі Бхавна Анбарасан Үндістанның Бихар ауылдарындағы баһаилардың қауымдастық құру бастамалары қалайша теңдіктің жаңа мәдениетін тудырып жатқаны жайлы әңгімеледі.

БХҚ осыдан 41 жыл бұрын Иранның Шираз қаласында дарға асылған 10 баһаи әйелді құрметпен еске алуда шығармашылық туындыларға шабыттандырған «OurStoryIsOne» науқанының бір жылдығын атап өтті.

Жаңа үлгілер тамыр жаюда

Күннен күнге қоғамдық үйлесімділік жайлы бұл әңгімелер тереңдеген сайын, ұжымдық күш-жігер нығайған сайын, қызмет ету пен ғибадат етудің гүлденген үлгісі көптеген жүректерге мағына мен үміт сыйлап отырды.

Жаңалықтар қызметі подкастының көрінісінің қонақтары қызмет ету пен ғибадат етудің арасындағы динамикалық қатынасты зерделеді.

Түрлі елдердің баһаи қауымдастықтарының мүшелері дұғаның күші мен белсенді қауымдастық өмірінің үлгісін қалыптастыру жайлы нұрлануларды талқылау үшін әңгімелесуге қатысты.

Үндістаннан келген Назнин Рохвани бүкіл ел бойынша баһаи қауымдастықтарының тәжірибесінен көңіл шерін қозғайтын мысал келтірді. «Адамдар физикалық дене емес, олардың жаны маңыздылыққа ие екенін түсінген кезде, касталық жүйе әкелетін айырмашылықтар ақырындап жойыла бастайды».

Подкасттың тағы бір көрінісінде Кениядағы жеке және ұжымдық түрлендірулер қарастырылды. Чилиде Сантьягодағы Баһаи ғибадатханасы 600-ден астам адамның қатысуымен өткен екі күндік жиынымен, қатысушыларға бұл қасиетті ғимараттың Чили қоғамындағы рухани және әлеуметтік түрлендірулердің нүктесіне айналғаны жайлы ой толғауға мүмкіндік бере отырып, өзінің сегізінші жылдығын атап өтті.

Хофхайм-Лангенхайнның бейбіт ортасында Баһаи ғибадатханасы өзінің 60 жылдығын атап өту үшін бүкіл Еуропадан келген қонақтарды қарсы алды. Іс-шараға қатысқан спикерлердің арасында Гессен жерінің Әділет министрі Кристиан Хайнц болды, ол ғибадатхананың маңыздылығы туралы: «Бұл ғибадатхана адамдар арасындағы бейбітшілік барлығына ашық қауымдастықта ғана орнай алады деген наныммен тұрғызылған еді. Бұл орын барлығына пана болып тұр» – деп ой толғады.

Жаңа бастамалар

Папуа – Жаңа Гвинеяда мыңнан астам адам ұлттық Баһаи ғибадатханасының ашылу салтанатына қатысу үшін Порт-Морсбиде жиналды. Ұлттық астаналық аймақтың губернаторы Пауэс Паркоп: «Ғибадатхана – бұл жай ғана физикалық ғимарат емес. Бұл барлығын дұғада, ойтолғау мен үйлесімділікте бірігуге шақыратын жарық шамшырағы» – деді.

Күшейіп келе жатқан жүрек қағысы іспеттес, үш жаңа Баһаи ғибадатханалары – Бразилиядағы Бразилиада және Малавидегі Лилонгведе – екі ұлттық ғибадатхана және Камерундағы Батуриде жергілікті ғибадатхана жайлы жариялануымен бірлік рухының бүлкілі әлемнің барлық аймақтарына таралуда.

Кітаб-и-Ағдас – Баһаулланың Ең Қасиетті Кітабы – алғаш рет поляк және суахили тілдерінде жарық көрді.

Үмітке толы болашақ

Өткен жыл ішінде ортақ игілікке бағытталған сансыз күш-жігер салу арқылы әлем бойы адамдар адамзаттың жарқын болашағының кішігірім шуақтарын көре бастады.

Үндістандағы халықтар мен діндердің орасан зор санына қарамастан, барлық айырмашылықтарды жеңе отырып, көптеген ұрпақтар бойы адамдардың жүректерін біріктіріп отырған біртұтастық көзбағдары Баһаи Ұлттық Рухани Жиналысының жүз жылдығын тойлауға жиналғандардың жүрегінде терең сезілді.

 

Радиостанция қырық жыл бойы бабалар даналығын Баһаи ілімінің рухани қағидаттарымен өрімдеп келе жатқан Чилиде дәл осындай үміт рухының үні таралуда.

Бейбітшілікке деген мызғымас берілгендік

Бүкіл қауымдастық ұрпақтар бойы жүйелі түрде қудалауға ұшырап келе жатқан Иранда таңғаларлық жауап қатуды куәлауға болады. АҚШ-тағы Шығыс Кентукки университетінің тарих профессоры Мина Яздани Иран баһаиларының қоғамды дамытуға қосқан үлесін зерделеді.

Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа қарарында Иран баһаиларына қарсы жалғасып келе жатқан адам құқықтарының бұзылуы айыпталды, онда баһаилар мен басқа адамдар ой-пікір, ар-ождан, дін немесе наным-сенім бостандығына деген құқықтың «жалғасып келе жатқан қатаң шектеулері мен күшейіп келе жатқан тыйым салуларына» тап болып жатқаны айтылды. Бұған дейін БҰҰ-ның 18 арнайы баяндамашысы мен БҰҰ жұмыс тобының сарапшылары Исламдық Иран Республикасын  баһаи әйелдеріне шабуылдаулар соңғы кезде саны өсіп кеткендігінде кінәлап, бірлескен айыптау хатын жариялады.

Тіпті ең ауыр сынақ сәттерінде де, Йемен Баһаи қауымдастығының мүшелері түрмеге қамалып жатқан кезде, олардың жауап қатулары шегіну емес, ары қарай ұмтылу – қызмет ету, бірігу, құру болды. Қауымдастық мүшелерінің бірі ой толғағай: «Біз жай ғана жақсырақ қауымдастықтар құрып жатқан жоқпыз; біз Йеменнің қандай бола алатыны жайлы көзбағдарды мәпелеп өсіріп жатырмыз. Бұләрбір адам, өзінің шыққан тегіне қарамастан, ортақ ілгерілеуімізге үлес қоса алатын болашақ», – деді.

Бейбітшіліктің жаршысы

Барынша үйлесімді қоғамды құруға үлес қосу үшін салып жатқан күш-жігерлерінде сансыз жүректер бейбітшілік жаршысы ретінде Абдул-Баһаның өмірінен шабыт алып отырды.

Оның Кесенесі бой көтеруі барысында, Абдул-Баһаның теңдессіз үлгісі мен сөздері адамзатты үйлесімді бейбітшілікке үндеуде.

Өткен жыл ішінде Аккадағы қонақтар орталығының құрылысы айтарлықтай алға жылжыды.

Тіпті Аккаға қамалған кезде де, Абдул-Баһа тағы бір қасиетті ғимараттың – Кармель тауындағы Баб Кесенесінің құрылысын басқарып отырды. Биыл қолжетімділікті арттыруға арналған бірнеше элементтерді қамтыған маңызды құрылыс жұмыстары аяқталды.

 

Осы жылдың тағы бір елеулі оқиғасы – Абдул-Баһаның Батысқа тарихи сапарлары кезінде Ол тұрақтаған және көпшілік алдында баяндамалар жасаған Бристольдегі (Ұлыбритания) пәтердің қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуы.

Оның: «… ең алдымен адамдар бейбітшілікті өз арасында орнатуы тиіс, сөйтіп ақыр аяғында, ол халықтар арасындағы бейбітшілікті орнатуға әкеледі»деген бұлжымас үндеуі анық болып қалуда.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *