Жаңа деректі фильм әлеуметтік ілгерілеуге апаратын жолдарды зерттейді


АСТАНА, Қазақстан — «Қоғамның жақсаруы үшін» атты жаңа деректі фильм Қазақстандағы баһаи бастамалары рухани және материалдық ілгерілеуге қалай ықпал ететінін зерттейді. Фильм Баһаи қауымдастығының қоғамда соқыр нанымдарды еңсеру және бірлікті нығайту туралы кеңінен тарап жатқан дискурстарға қосқан үлесінің бір бөлігі.

Қазақстан баһаилары түсірген 23 минуттық фильм әртүрлі діни дәстүрлері бар кеңейтілген отбасылардағы бірлік байланыстары, қолдаудың жаңа үлгілерін тәрбиелей отырып, барлық көршілестіктерде ұжымдық мақсатты күшейте отырып, кеңесулер мен дұға оқуға арналған кездесулер арқасында қалай нығайып жатқанын көрсетеді.

Қатысушылардың бірі: “Біздің кеңейтілген отбасымыз — тек өзіміздің кішкентай отбасымыз ғана емес, сондай-ақ біздің әке-шешеміз, ағайын-бауырларымыз — дұғалық кездесулерге келеді, онда біз Жаратушымызға бой ұсына бірге дұға оқимыз. Бұл кездесулер өзіміздің кеңейтілген отбасымыздың ауызбіршілігін сақтауға көмектеседі, менің жүрегіме ерекше қуаныш сыйлайды”,— деп түсіндіреді.

Фильм адамның өзара байланыстылығының өсіп келе жатқан санасы барлық ортадан келген адамдарды қабылдайтын баһаилардың өнегелі білім бастамалары арқылы қалай дамытылып жатқанын бейнелейді. Бұл бағдарламалар қатысушыларға адамзаттың бірлігі сияқты терең тұжырымдамаларды зерттей отырып, өз отандастарына қызмет ету мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі.

«Біз бәріміз біртұтаспыз және үлкен бірлікке әкелетін құндылықтарды табуға ниет білдіреміз», – деді осы бастамалардың қатысушысы.

Деректі фильм жастардың әлеуметтік ілгерілеуге үлес қосу қабілетін қалай дамытып жатқанын көрсетеді. Жасөспірімдер топтарында жеткіншектер өздерінің өмірлік мақсаттары туралы мағыналы әңгімелерге қатысуда.

Осы жасөспірімдер топтарының тәлімгерлердің бірі олардың әңгімелері қатысушыларды өздерінің кәсіби жетістіктері мен қоғамға қызмет ету үйлесімді өмірдің табиғи аспектілері болып табылатын болашақтарын елестетуге шабыттандыратынын түсіндіреді. «Олар өздерінің қоғамға қалай пайдалы бола алатындары жайлы, сөйте тұра өздеріне шынайы ұнайтын кәсіптерімен айналысулары жайлы ойлана бастайды», – дейді ол.

Бүкіл фильм бойы соқыр нанымдарды жою, әйелдер мен ерлер теңдігі және әділеттілік сияқты рухани қағидалар мәдени дәстүрлермен үйлесім тауып, оларды нығайтып жатқан ерекше үлгілерді бақылауға болады. Фильмде айтылғандай, бұл бастамалар «бір адамзат отбасының әртүрлілігінің көрінісі болып табылатын әлеуметтік қарым-қатынастардың бірегей үлгісін тудыруда».

Дереккөз: BWNS

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *