Халықаралық баһаи Қауымдастығы Бас хатшысының Қазақстанға сапарына байланысты салтанатты қабылдаулар

2024 жылдың 10 және 11 қазанында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXII отырысына және оның аясында өткен жас діни лидерлерінің Форумына үкіметтің шақыруымен қатысқан Халықаралық баһаи Қауымдастығы Бас хатшысының Қазақстанға сапарына байланысты Астана мен Алматыда салтанатты қабылдаулар өтті.

Іс-шараларға Қазақстанның дипломаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер қайраткерлері мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.

Екі қабылдауда да қатысушылар әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты Қазақстан Үкіметінің дінаралық диалог алаңын ашу жөніндегі бастамасының маңыздылығы мен өзектілігі бұрынғыдан да бетер артып келе жатқанын атап өтті. Еліміздің аумағында мұндай алаңның пайда болу мүмкіндігі кездейсоқ емес және оның ұзақ тарихында туған жеріміздегі халықтардың толеранттылығы мен достығының көрінісімен байланысты екенідігі атап өтілді.

Доктор Дэвид Рутштейн өзінің қошеметтеу сөзінде Қазақстан үкіметі мен оның халқы бір жағынан кең діни және этникалық әртүрліліктегі келісімді көрсетіп отыра, ал екінші жағынан, көптеген әлемдік діни лидерлерді бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерді шешуге шақыра отыра, халықаралық салада бейбітшілік пен бірлікті орнатуға маңызды үлес қосып жатқанын атап өтті.

Кездесулердің соңында іс-шараларға қатысушылар екі қаланың да баһаи қауымдастықтарына Съездің рөлі мен осы бастаманы жүзеге асырудың арқасында қоғамымызда болып жатқан өзгерістер туралы жайлы және жылы ахуалда әңгімелесу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *