Әзірбайжанда әйелдердің эмансипациясы құрметіне спектакль қойылды

Бұл сахнада парсы шах Насир әл-Диннің Тахиремен кездесуі бейнеленген. Ол аруға сенімінен бас тартып өзіне тұрмысқа шығуын ұсынады. Тахире бұл ұсыныстан бас тартып: «Патшалық, байлық пен биліктің бәрі сіз үшін , кедейлік, қуғын-сүргін, айырылу – бәрі мен үшін. Алғашқысы жақсы – бұл сіздікі болсын. Егер соңғысы қиын болса, бұл менікі болсын.

Баку, Әзірбайжан – Парсы шахы бас кейіпкерге тамсана қарап, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды және арудың бас тарпайтынына сенімді болады: сеніміңнен бас тартып, маған тұрмысқа шығып, молшылыққа бөленесің, менің сүйікті ханшайымым боласың. 450 адамнан тұратын аудитория бұл сахнаны бір тыныспен бақылады. Тахире болса, қадiр-қасиетпен, даналықпен және батылдықпен бұл ұсыныстан  бас тартады. Оның орнына, дейді ол, өз өмірін бүкіл әлемді өзгерте алатын үлкен мәселеге арнауды шешеді.

8-шілдеде Әзірбайжан Мемлекеттік академиялық драма театрында премьерасы қойылған «Күн қызы» атты көрініс әйелдердің босатылуының ықпалды ақыны, теологы және пионері Тахиренің өміріне арналған. Кеште, әртістер мен көрермендер өздерінің толқуын жасырмады.
«Тахире – тек бір ғана діни дәстүрдің ғана емес, бүкіл адамзаттың бас кейіпкері» деді Әзірбайжан жазушылар одағындағы «Оңтүстік Әзірбайжан» Әдебиет басқармасының ақыны және әдебиет бөлімінің бастығы Сайман Аруз көріністен соң. «Ол құдайшыл, рухани, әмбебап құндылықтар үшін өмір сүрді және өмірін бағыштады. Бұл Шығыс тарихында бұрын-соңды болмаған тұлға. Бұл миллиондаған адамдар үшін еркіндік дауысы болды.
Көрініс Әзірбайжанда Тахиреге деген көңіл бөлдіріп, қызығушылық тудырды. 2016 жылы Тахиренің өмірі мен шығармашылығы туралы кітап жарық көрді. Бұл Әзірбайжан тұрғындары арасында осы бірегей әйелдің өміріне деген үлкен қызығушылық оятып, Тахире әйелдердің босатылуы үшін көп нәрсе жасады. Тахире туралы танып біліп өміріне шабыттана отырып, Камал Салим Муслимгызы ханым «Күн қызы» деген пьесасын жазды. Муслимгызы ханым Бакудағы оннан астам жоғары оқу орнының 30-ға жуық студенттерін осы рөлге шақырды.
«Тахире шындық үшін өмір сүрді және дүиеден өтті» дейді Муслимгызы xаным. Бұл жоба менің өмірімді өзгертті. Бұрын жалған идеялар мен армандарым бар еді, ал қазір рухани күшім бар, мен не істеу керек екенін білемін. Тахире жалпы игілік үшін әрекет етуге батылдық берді.

«Тахире – тек бір ғана діни дәстүрдің ғана емес, бүкіл адамзаттың бас кейіпкері»

– Сайман Аруз

Тахире XIX ғасырдың басында Ирандағы Казвин қаласында танымал теолог отбасында дүниеге келді. Ол әйелдердің ақыл-ойына симайтын деп саналатын және оларға сәйкес келмейтін сұрақтарға ерекше қызығушылық білдіріп өсті. Алуан түрлі кедергілерге қарамастан, Тахире танымал ақын және теолог атанып шықты, оның әсері зор болатын, тіпті қайтыс болғаннан кейін де оның әсері жүзден аса жылдан соң да әлсіреген жоқ.

1844-жылы Тахире Бахаулланың алдында келген Бабтың тәлімін қабылдап, бүкіл Парсы мен одан асқан жерлерге тараған қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің бірі болды. Жаңа Сенімге бірнеше жыл қатарынан он мыңдаған адамдарды тартты.

«Таза» дегенді білдіретін «Тахире» есімін оған Бахаулла 1848 жылы Бедаш қаласында болған кездесуде  берген болатын.

Бұл маңызды кездесуде Тахире орамалын басынан сыдырып алған болатын. XIX ғасырда Парсы елінде бұл әрекет мүмкін емес саналатын әрекет еді. Әйелдердің рөлі  патриархалдық қоғамға толығымен бағынатын еді. Осы тарихи сәтте, ол «әйелдер мен ерлер тең болып табылады және Бабтың ілімі бұрынғы ескірген дәстүрлерден бас тарту дегенді білдіреді» деп жазады Шоги Эффенди.

Төрт жыл өткеннен кейін, парсы үкіметі Бабтың ізбасарларына іздеу салған кезде Тахире Тегеранда тұтқындалды. Оған сенімінен бас тартуға ұсыныс жасалды және ол бас тартпаған соң, ол өлім жазасына кесілді. Оның соңғы сөздері жүздеген жылдар бойы көптеген адамдардың ұраны болды: «Сіз қалаған кезде мені өлтіре аласыз, бірақ әйелдердің теңдігі орнайды, сіз оны тоқтата алмайсыз».

«Күн қызы» пьесасы Тахиренің керемет батылдығын, оның кейінгі ұрпақтарын рухтандыратын қаситеін айқындайды. Тахире рөлін атқарған жетекші актриса Нигяр Алиева былай деп түсіндіреді:

– Таxире пьесада «Мен Заррин Тәж ретінде дүниеге келдім, бірақ мен Тахире болып өмір сүрдім», – дейді. Тахирені ойнап, мен өзгергенімді сезіндім. Мен бұрынғыдай адам емеспін. Енді менің өмірлік ұраным: «Мен Нигара болып туылдым, бірақ Тахире болып өмір сүремін».

Пьеса Тахиренің өмірі туралы әңгімелер мен оның өлеңдері оқылған кезде орын алып отырды.

Көрермендердің бірі әсерін былай түсіндірді: «Қазір біз қаншалықты батыл болуға тиіс екенімізді түсіндім, дауысымызды зұлымдық пен тиранияға қарсы көтеру қаншалықты маңызды».
Сондай-ақ, Тахиреге ғалымдар аса қызығушылық танытты. XIX ғасырдың батыстық шығыстанушылары әдебиетке және гендерлік теңдік қозғалысына әсері туралы жазды. Соңғы жылдары бұл туралы ғылыми мақалалар мен кітаптар көп болды. Оның өлеңдерінің үш томы ағылшын тіліне аударылды. Орыс жазушысы және драматург Исабелла Гриневская Бабилар туралы «Баб. Парсы тарихынан шыққан драмалық өлеңдер» пьесасында өзінің басты кейіпкерін «Tagire Huret Al-Ain» жасады. Бұл пьеса туралы Лев Толстой оң ойын білдірген болатын.

Оның адамзатқа деген маңызды әсері көптеген шығармашылық мамандықтардың, суретшілердің, драматургтердің, жазушылардың, музыканттар мен кинорежиссерлердің жүрегіне жауап берді.

Тахире Парсы, араб және әзірбайжан тілдерінде жазған, ол Қазвин мен оған іргелес аймақтарда кеңінен таралған.

Спектакльдің қойылымдары Баку қаласында жалғасады, ал алдағы айларда қойылымдар Әзірбайжанның басқа қалаларында жалғаспақ.

Дерек көзі – news.bahai.org

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *