Дұға

dsc_3442

Дұғалар

Өзіне дейінгі мәлім болған өзге Құдай ашылымдары секілді, Баһаулла да дұға оқу – Құдайға жақындаудың бір шарты деп түсіндірді. Құдайды еске алып мақтан еткен жерге Құдай жар болады. “Кездесулер өткізіңдер, осы қала шындықтың жарығына бөленіп, ал осы ел Киелі Рухтың күшімен нағыз жұмаққа айналатындай етіп көктің ілімін оқып жырға қосыңдар…”

Жазбалардың осы жолдары бізді дұғаларды үйімізде отбасы арасында оқуға шабыттандырады. Дұға қуанышымен бөлісу үшін бізге достарымыз бен жақындарымыз жиі қосылады. Мұндай кездесулер табыну, бірлік және сыйластықтықтың ерекше рухын тудырады және Құдайға деген сенімімізді күшейтеді. Мұндай кездесулерде әр түрлі діндердің дұғалары оқылуы мүмкін. Бұл кездесулер әр адамның жүрегіне өзінің Жаратушысымен тіл табысуға және Құдайдың жасампаз сөзімен жанасуға мүмкіндік береді. Діндері, ұлттары және шығу тегі әр түрлі адамдар бірлесіп дұға оқыған кезде махаббат пен достық дәнекері қалыптасып, бұрмалаушылық, күдік пен жаттықтан дербес атмосфера қалыптасады.