Адам жаны

«Өмір жолы — таңғажайып білім мен мінсзідікке алып баратын жол.» –Абдул-Баһа

Адам болмысының ажырамас мәні – «физикалық жаратылысқа мүлдем жатпайтын» ақылды әрі мәңгі өлмес жан. Рух пен дене арасындағы байланысты түсіндіру үшін Баһаулла күнді метафора ретінде келтіреді: «Адамның жаны – күн тәріздес, ал адам денесі ол арқылы жарқырап, өмірлік күшін содан алады,- жанды осылай қарастырған жөн».

Адамның дамуы жанның күшін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Абдул-Баһаның айтуынша рух: «заттардың нағыз мәнін ашуға, ағзалардың ерекшелітерін түсініп болмыстың құпияларына енуге қабілетті. Барлық ғылымдар, білімдер, өнерлер, таңғажайып жетістіктер, мекемелер, ашылымдар мен кәсіпорындар ақылды жанның интелектісінен бастау алады».

Жүректеріміздің айналарын және ойымызды дұғалар арқылы тазарту, Қасиетті Жазбаларды үйреніп оларды қолдану, білім алу, кедергілер мен қиындықтарды жақсартуға бағытталған талпыныстар және адамзатқа қызмет ету деңгейіне байланысты біз Таңғажайып қасиеттерді көрсете алуға қабілеттіміз.

Өлім жеткенде, жан денеден бөлініп мінсіздікке жету жолында мәңгі дами береді.

«Адам жаны рух өміріне жеткенде ғана, Таңғажайып ағаш секілді мейірімді жемістерін береді.»

— Абдул-Баһа