Жомарттылыққа толы өмір

«Сонда әрбіреуіңіз жарқын сәуле шашатын шамға, өздеріне адамдарды тартатын магнитке тәріздес болып; Гүл секілді барлығыңыздан Таңғажайып жұпар иісі бүркісін» –Абдул-Баһа

Шамның мақсаты жарық беру болса, адам рухы шексіз жомарттық таныту үшін жаратылған. Біз кішіпейілділік және өзіміздің уақытымыз, энергиямыз, біліміміз және қаржылық ресурстарымызбен ұңғытсыз бөлісу арқылы өміріміздің ең басты мақсатымызды орындаймыз.

Беруге ұмтылу Құдайға деген махаббатымыздан туындайды. Осындай сезім жүректерімізді толтырғанда, біздің әрекеттеріміздің ерекше белгісі жомарттық болып табылады; Құдайға деген сезіміміз арқылы басқаларға қызмет еткенде, біздің әрекеттеріміз растаушылық пен марапатқа деген үміт немесе жазадан қорқу арқылы жүзеге аспайды. Адамзатқа қызмет етуге толы өмір – өзін-өзі ойлау мен мақтаншақтық емес, мойынсұнушылық пен өзін жақыны үшін ұмытуды білдіреді.

Шоги Эффенди былай деп жазады: «Біз өзін-өзі бәрінен босататын және көзге көрінбейтін қайнардан көзден толып отыратын фонтан немесе бұлақ тәріздес болуымыз қажет. Кедейліктен қорықпай барлық байлық пен игіліктің Қайнар көзінің жомарттығына сене отырып әр уақытта жолдастарымызға аямай беру – дұрыс өмірдің құпиясы».

«Маған сыйға тарту мен жомарттық тән; Менің осындай ізгі қасиеттеріммен өздерін әшекейлегендерге нұр жаусын».

—  Баһаулла