Мінез және іс-әрекет

«Адам ағашының жемістері ретінде әрқашан игі істер мен мақтауға тұрарлық мінез-құлық болып қала бермек.» –Баһаулла

Рухани өмір сүрудің ортасында бізді Құдайға алып барар мәңгі жолда көмектесетін рухани қасиеттерді дамыту орналасқан. Рухани қасиеттерді дамыту өзіміздің іс-әрекеттерімізді үздіксіз дамытып отырумен тығыз байланысты, сонда әрібір адамға берілген қасиеттер мейірімділік пен біртұтастылықты көрсете бастайды. Абдул-Баһа былай деп айтады: «Біз адамның рухани табиғатын дамытуға үздіксіз және шаршамай талпынып отыруымыз қажет және адамзаттың алға дамуына барлық күш жігерімізді салуымыз қажет, сонда ол өзінің нағыз мейірбандығы мен бұйырған деңгейіне жетеді».

Рухани қасиеттер Таңғажайып заңдарды сақтай отырып, артып келе жатқан махаббат пен білімнің шарттарында дамиды. Біз Құдайдың білімін жүрегіміз бен ойымызда дамытсақ, бізде жоғары табиғаттың қасиеттері гүлдене бастайды. Соғұрлым біз жоғарылауға итермелейтінді төменге тартатындардан бөле аламыз, және материалдық өмір, адам, қоғам және рухани өмір туралы түсінігімізді жақсартамыз. Махаббат білім алумен дамиды, ал нағыз түсінік махаббаттың арқасында кеңейеді. Жүрек пен ой-өріс арасындағы жалған дихотомия жоғалады.

Мұндай дамуға әсер етуші көптеген факторлар бар: олардың ішінде дұға, ойлану, оқып-үйренуге талпыныс және үздіксіз күнделікті жігер салу, әсіресе адамзатқа қызмет ету жолында. Егер адам рухани өмірмен өмір сүруге талпынса, өз-өзіне ғана көңіл бөлу теріс әсер беруі мүмкін. Баһаулла өзіміздің ойларымызды «адамдардың жүректері мен жандарын жарықтандыратын…» нәрселерде ғана ұстауымыз қажет дейді. «Мұның бәріне таза да асыл әрекеттермен, мейірімді өмірмен және дұрыс мінез-құлықпен қол жеткізуге болады».

Абдул-Баһа былай деп жазады: «өз міндетін орындауға көтерілген адам неткен ұлы, неткен асыл; және қоғамның жағдайына көз жұмып, өмірін пайдакүнемдік мүдделері мен жеке пайдасына жойған адам неткен аянышты».

Өзіміздің рухани қасиеттерімізді дамытуға бағыттаған күш-жігерімізді келесідей қарастыра аламыз: біз ынталана, кінә сезімінен еркін, қателердің шарасыздығын мойындай отырып, бірақ бойымыздағы әлеуеттілікті жоғалтпай Құдайымызбен бойұсына отырып бірге жүреміз. Қиындықтар мен сәтсіздіктерден қашып құтылу мүмкін болмаса да, бұл жол қуаныш пен бақытқа толы.

Өмірдегі осы үдеріс, мінез-құлықты дамыту барысында ең қауіптісі – рухани дамуды бұрмалап, оның негіздерін бұзуы мүмкін масаттанушылық, артықшылық және тәкәппарлық сезімдері.

Баһаулла былай деп жазады:

«О Адамзат баласы! Бірі екіншісінен артық болмасын деп Біз сендерді бір топырақтан жаратқанымызды білмейсіздер ме? Әр уақытта өздеріңіздің жүректеріңізде қалай жаратылғандарыңызды есте сақтаңыздар. Біз барлығыңызды бір заттан жаратқан соң, барлығыңыз бір жан болуға, бірге қадам басуға, бір ауыздан тамақатанып ортақ жерде өмір сүруге тиістісіздер, қасиетті болмыстарыңыздан сіздің әрекеттеріңіз бен істеріңізбен бірліктің белгілерін және бас тартудың мәнін аштыңыздар. Үйілген жарықтар, менің сіздерге деген ақылым! Таңғажайып даңқ ағашының әулиелігінің жемістеріне қол жеткізу үшін, осы ақылға назар аударыңыздар!»

Қарастырылып отырған пәннің мінез-құлқын есепке ала отырып, веб-парақшаның осы бөлімінің тематикалық топтамасы басқалардан нысандары бойынша ерекшеленеді. Ол Таңғажайып заң туралы мақала, төрт тақырыпқа бөлінген Баһаи Жазбаларынан үзінділерді қамтиды: махаббат және білім, шыншылдық, сенімділік пен әділеттілік; жүректің тазалығы; Құдайға мойынұсұнушылық пен  оны дәріптеу. Дегенімен, өзге де тематикалық топтамадағылардай секілді мұнда осы сұраққа байланысты мақалалар мен материалдар қарастырылған.