Ашылым

«Құдіреттінің Даңқының шексіздігі соншалықты, Оның құпиясына тіпті адам  тілімен айтып немесе қалам ұшымен жазып жақындау мүмкін емес…» –Баһаулла

Құдай бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ол Бәрін білуші, Бәрін сүюші және Мейірімді. Күннің әлемді жарықтандырғаны секілді, Құдайдың сәулесі бар Жаратқанға төгіліп тұрады. Ешбір қарапайым ақыл-ой Құдайдың мәнін танып біле алмайды. Құдай туралы ойларымыз қаншалықты кең әрі әсерлі болса да, олар әркез адамның ақыл-есінің мүмкіншілігінің шеңберінде ғана болады.

Дәуірлер барысында адамзаттың рухани, интеллектуалды және өнегелі қабілеттерін дамыту үшін Құдай жер бетіне бәрімізге Құдай Ашылымдары ретінде танымал Ыбырайым, Кришна, Заратуштра, Мұса, Будда, Иса, Мұхаммед және соңғы кезеңдегі Баб және Баһаулла секілді Құдай елшілерін жіберді. Құдай Ашылымдары бізге жеткеннен кейін адамзатта ерекше алға жылжу орын алады. Адамзаттың ынтаның қайнар көзін қозғай отырып, Оның оқуы халықтар арасында адамзаттың дамуына бұрын мүмкін болмаған үлесті қосуға мүмкіндіктерін ашады.

Қазіргі уақытта адамзат өзінің кемелдену шағына жетіп тірелді. Ұжымдаса отырып біз сәбилік және жастық шақ кезеңдерінен өттік. Бүкіл әлемде адамзат қоғамы трансформациядан өтіп жатыр және бұл киелі бетбұрыс бәрімізге айқын: біздің көз алдымызда адамзат қоғамы планетарлық өркениет ретінде дамып жатыр.

«Құдайдың таңғажайып жаратылыстарының белгілерінің куәгері бол, және оның алуан түрлілігі мен қасиеттері туралы ойлан».

— Баһаулла