Адам және қауымдастық

«Өзара қарым-қатынас пен байланыс адамзаттың ең киелі қажеттілігі». –Абдул-Баһа

Бүгін біз тарихтың ең бірегей кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Адамзат кішкентай кезінен өтіп ұжымдық жетілу шағына жету деңгейіне қарай адамдар, қауымдастық және институттар арасындағы қарым-қатынастарды жаңаша түсіну қажеттілігі туындайды.

Өркениетті алға жылжытудағы осы үш нәрсенің өзара байланыстылығын мойындаған жөн, ал жеке индивидтар еркіндік үшін күресіп жатқанда,  институттар бағынуды талап ететін, қақтығыстардың ескі парадигмаларын әлемді жақсартуда рөл ойнайтын өзара байланысты терең концепциялармен ауыстырған жөн.

Адам, қауымдастық және қоғамдық институттар өркениетті тұрғызудың жақтаушылары екенін мойындау және осымен сәйкес келетін іс-әрекеттер адамзат бақытына қол жеткізуге үлкен мүмкіндіктер ашады және адами рухтың нағыз күштері пайда болуына орта жасайды.

«Барлық адамдар мәңгі дамушы өркениетті алға жылжыту үшін жаратылған.»

— Баһаулла