Негізін қалаушы қарым-қатынастар

«Құдай Сенімі мен діндері негізделген басты ниет – адамзат мүддесін қорғау және оның ауызбіршілігін нығайту, адамдар арасында махаббат және бауырмалдық рухын тарату.»— Бахаулла

Адамзаттың біртұтастық қағидасын жүзеге асыру Бахаулла ашылымдарының негізгі қағидасы мен мақсаты болып табылады. Бахаулла адамдар әлемін адам денесімен салыстырады. Ағзада бір-бірінен формасы мен қызметтерімен ерекшеленетін және жүйенің біртұтас саулығын қамтамасыз етіп тұратын миллиондаған жасушалар бар. Сол секілді жеке адамдар, қауымдастықтар және институттар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастар қоғамның тіршілігін қамтамасыз етеді және өркениеттің алға жылжыуын мүмкін етеді.

Адам және қоғам
Қазіргі таңда біздер ерекше тарих кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Адам өзінің балалық шағынан ұжымдық жетілу шағына жақындаған сайын адамдар, қоғамдар және институттар арасындағы қарым-қатынастардың жаңаша түсінігіне қажеттілік туындай бастайды.

Ортақ адамзат отбасы
Бахаи сенімінің негізінде біз бір адамзат отбасына жататындығымыз туралы түсінік жатыр. Бірлік қағидасы – «айналасында Бахаулла ілімдерінің қағидалары тоғысқан білік болып табылады…»

Бахаи әкімшілік тәртібі
Бахаи қауымының істері әр бөлек қызмет сферасы бар институттар арқылы басқарылады. Әкімшілік тәртіп ретінде мәлім мұндай жүйенің қайнар көзі және оның жүзеге асыруын қамтамасыз ететін қағидалар өздерінің бастауын Бахаулла жазбаларынан алады.