Құдай және жаратылыс

«Ғаламдағы барлық жаратылыстардың мәні Құдайды танып-білуге апарар қақпа…»— Бахаулла

Бахаи жазбаларында Құдайдың болмысын адам ақылы арқылы түсіну мүмкін емес, бірақ Оның қасиеттерінің көрінісін әр жаратылыстан байқауымызға болады деп түсіндіріледі. Адамзатты оятып бағыттау үшін және өркениеттің қазіргі кезеңінен алға қарай жылжуына мүмкіндік беруге халықтардың қабілеттерін дамыту үшін Ол біздерге Құдай ашылымдары ретінде мәлім және біртіндеп бір-бірінің орнына келетін Таңғажайып елшілерді жіберді.

Ашылым
Құдай бүкіләлемнің жаратушысы, Ол Бәрін білуші, Бәрін сүюші және Мейірімді. Күннің әлемді жарықтандырғаны секілді, Құдайдың сәулесі бар Жаратқанға төгіледі. Ыбырайым, Кришна, Зороастр, Мұса, Будда, Иса, Мұхаммед және қазіргі кезеңдегі Баб пен Бахаулла секілді Құдай ашылымдарының ілімдері арқылы адамзаттың рухани, интеллектуалды және моральды қабілеттері дамыды.

Табиғат
Сұлулық, байлық және табиғат әлемінің алуан түрлілігі – Құдайдың қасиеттерінің көріністері. Бұл ішімізде табиғатқа деген терең сыйластықты оятады. Адамзат табиғат әлемінің тұтқындығынан құтылып шығатын қабілетке ие және планета ресурсарының билеушісі бола тұра жердің табиғи ресурстарын өркениеттің дамуы мен үйлесімділігін қамтамасыз ететіндей етіп пайдалануға жауапты.

Мәңгі дамушы өркениет
Адамзат сәбилік және балалық шақ кезеңдерінен өтіп, қазіргі уақытта ұжымдық жетілу шағында тұр. Мұның басты ерекшелігі адамзаттың жаһанданған өркениетке бірігуі болып табылады.Бұл өркениеттің пайда болуы, рухани да материалды да гүлдене отырып, өмірдің рухани және тәжірибелік аспектілері үйлесімді даму керек екендігін білдіреді.