Абдул-Баһа: “Адам өмірі керемет даңққа бөленген және ол көктем кезеңіне ие. Жастық кезеңге күш пен энергия тән және ол адам өмірінің ең керемет шақтарының бірі”.
Жастық шақ – жастардың өздерінің болашақтары үшін не істей алатындығы, олардың қоғамда алатын орындары және қоғамға пайдалы қызмет етуі туралы ойланатын кезең.
Өздерінің қоғамдағы орындары туралы ойлай отырып, баһаи жастары достарымен бірге өздерінен жасы кішілерге есеюдің маңызды сатысынан өтуге көмектеседі. Баһаи жастары оларға өздерінің ойларын анық білдіруге, шынайы достық қарым-қатынастарын құруға, пайдалы істер жасауға, ізгі қасиеттерін дамытуға, болашақ мамандығы туралы ойлануға, қиыншылықтарға мойымай күш сала білуге үйретеді. Жасөспірімдерді мазалайтын көптеген сұрақтарға жауаптар беру және күш-жігерлерін лайықты жұмсай білуге үйрету өте маңызды.
Жасөспірімдер тобы аниматорының әңгімесі
Диана – 17 жастағы жас қыз, оқушы. Ол қазір өмірінің ең маңызды шағын өткеріп жатыр. Жастық шағының ерте кезеңі аяқталып келеді. Мектебін тәмамдаған соң ол өмірінің жаңа парағын ашады. Қазіргі уақыттың өзінде де оған көптеген міндеттерді қатар атқарып өз бетімен шешімдер қабылдауға тура келеді – оқу, тіл курстары, олимпидаға дайындық, болашақ мамандығын таңдау, үй жұмыстары. Осының барлығының артында өмірінің міндеттері мен мақсаттарының үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен шабытты тудыратын бір ерекше қайнар көзі орналасқан.
Диана – тәлімгер. Диананың достарымен бірлесіп жасөспірімдердің басын біріктіріп жүргеніне биыл екі жыл болды. Бұл жастар өздерінен жасы кішілерге қамқор болып олардың рухани және интеллектуалды дамуына көмектесуді қолға алды. Қазір олар әр демалыс күні сайын кездесіп қызықты және тәлімді оқиғаларды оқиды, бірлесіп игі істер атқарады және уақыттарын қызықты етіп өткізуге тырысады. Тәлімгерлер өздерінің кішкене достарынан шабыт алады, олардың өсіп-өнуі үдерісіне куә бола отырып, олардың кішкене жеңістерімен бірге қуанады. Содан бері біршама уақыт өтті, көптеген оқиғалар бастан өткерілді. Диана прогресс қатты байқалмаса да артқа қарап көп нәрсе үйренгендігін айтады. Бірнеше жылдар бұрын Диананың өзі жасөспірім болатын және осындай жасөспірімдер кездесуіне қатысатын еді. Диананың бізбен бөліскен әңгімесі: “Мен жасөспірімдер кездесуілерінен әркез қызықты бір нәрсені күтетін едім, егер бір кездесуден қалып қойсам менсіз қызықты бір нәрсе өтіп кетеді деп ойлайтынмын… Мұндай кездесулердің ерекшелігі – қатысушылар арасындағы достық болатын. Осы уақыт аралығында қасиеттерді жоғары деңгейде дамыттым деп айта алмаймын. Дегенімен, сол кезден бастап менің алға жылжу үдерісім басталған болатын – мен өзімнің сөздік қорымды дамыттым, жүйелі болуға үйрендім, егер бір нәрсеге қол жеткізгіміз келсе кез келген жағдайда күш-жігер салып, әділеттілік туралы естен шығармай, мейірімді, жомарт әрі жанашыр болу керектігін түсіндім. Қазір біз достарымызбен бірге жұма сайын кездесеміз. Маған біздің кездесулер өте қатты ұнайды. Менің ойымша бұл кездесулер бізге қасиеттеріміз бен қабілеттерімізді дамытуға мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында игі істер жобасын өткізуге көптеген мүмкіндіктер туындады. Осылайша біз гүл отырғызуды үйрендік, ал қыста ауламызда сырғанақ тауларын жасадық, сенбіліктер өткіздік, үлкендердің көмегімен ауламызға арнап орындықтар дайындадық. Осы кездесулер арқылы мен көп нәрсе үйрендім және мұның бәрі қазіргі уақытта қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Себебі осы уақытта біз қоршаған ортаның ықпалына өте сезімталмыз. Мен жасөспірімдер туралы әркез есте сақтау, уақытты бағалап оны дұрыс пайдалана білу, әркез күш-жігер салып, қапаға салынбау, әр адам мен жасөспірімнің бойынан Құдай бөлеген қасиеттерді байқай білуді үйрендім ”