Баһаилардың әкімшілік жүйесі

«Жаңа әкімшілік жүйе негізделген іргелі тас Құдайдың адамзатқа деген бүгінгі таңдағы Бұйырмысы. Жүйенің бірден-бір шабыт алатын қайнар көзі Бахаулланың жазбалары». –Шоги Эффенди

Баһаилар қауымдастығының істері әрбір қызмет ету сферасы бар институттар жүйесінің көмегімен басқарылады. Баһаилардың әкімшілік тәртібі ретінде мәлім бұл жүйе бастамасын Баһаулланың Жазбаларынан алады. Ол осы институттардың қызмет ету қағидаларын алып келді, Абдул-Баһаны Өз Сөздерінің жалғыз түсіндірушісі етіп тағайындады және Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйін құзіреттермен бөледі. Өзінің Еркі мен Өсиетінде Абдул-Баһа Шоги Эффендиді Баһаи сенімінің Қорғаушысы етіп тағайындады. Өзінің министрлігінің ең басынан бастап Шоги Эффенди Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйін дүниеге әкеліп оны сайлауға жол ашып, өзінің барлық күш-жігерін Әкімшілік тәртіпті жүзеге асыруға жұмсады.

Бүгінгі таңда Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйі – Әкімшілік тәртіптің орталық басқарушы органы. Оның басқаруындағы Жергілікті Рухани Жиналыстар және Ұлттық Рухани Жиналыстар ретінде мәлім сайланушы органдар өздерінің деңгейлерінде заңнамалық, атқарушылық және соттық құзіреттіліктерін жүзеге асыра отырып Баһаи қауымдастығының істерімен айналысады.

Ақылшылар Кеңесі – мойындалған қабілеттері бар тағайындалған адамдар институты, олар да Бүкіләлемдік Әділеттілік Үйі басқаруымен қызмет етеді және Баһаи қауымдастығының өміріне жергілікті деңгейден бастап халықаралық деңгейге дейін әсер етеді. Рухани жиналыстарға ақыл-кеңес беруден басқа, осы Сенім институтының мүшелері іс-әрекеттерге ынталандырады, жеке бастамаларға көмек береді және Баһаи қауымдастығының үйрену, білу үдерісіне әсер етеді.

Өздерінің сәйкес қызметтерін атқара отырып, Кеңестер институты және Рухани жиналыстар Баһаи сенімін қорғап оны таратуға жауапты. Олардың арасындағы үйлесімділік үздіксіз әлемнің түпкір-түпкіріндегі Баһаи қауымдастығының мүшелеріне басқарушылық, махаббат және шабытты қамтамасыз етеді. Барлығы бірге қоғамның жақсаруына бағытталған жеке және ұжымдық күш-жігерді белсендіреді.

Баһаи институттары Баһаи қауымдастығы өмірінің ішкі аспектілерін басқару үшін ғана ойластырылмады. Ең алдымен, Әкімшілік тәртіп Сенім рухының ағымын қамтамасыз ететін арна болуға сонымен қатар өзінің істерінде адамзат ұжымдық жетілуге бағытталу деңігейіне сәйкес қоғамды біріктіруші және бірге ұстаушы қарым-қатынастарды жүзеге айналдыруға жобаланған.

«Әкімшілік институттардың шатырында туындап жатқан Оның Жаңа бүкіләлемдік тәртібінің құрылымы, жер бетінің халықтары мен мемлекеттері талпынып келе жатқан бүкіләлемдік достықтың моделі және өзегі болып қызмет етеді.»

— Шоги Эффенди