Қазақстан баһаилары

0X4A9663
0X4A9779
0X4A9817
Астана_200_Сауле_х
DSC_3426
DSC_3509
Баһаи Сенімінің Қазақстан аумағында пайда болу тарихы 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басына келеді. Қазақстанның Оңтүстік жағы мен (Сырдария мен Жетісу облыстары) және қазіргі Орталық Азия мемлекеттерінің территориялары Орыс Патшалығына қарап, Шығыс Туркестан деп аталатын. Осы өңірлерде 1882 жылы Парсы елінен босқындар келіп пана тапты. 1913 жылы Бахаи қауымдастықтары Түркістанның келесі қалаларында болды: Ашхабад (Закаспийская обл), Андижан (Ферганская обл), Тәшкент (Сырдария обл),Самарқанд (Самаркандская обл) және тағы басқа қалаларда. Орыс Түркістанда қауымдастықтар дами келіп, үлкен дәрежеге жетіп, Ашхабад қаласы тез арада Баһаи ғылыми ізденістерінің орталықтарының біріне айналды. Түркістан жерінде екі басылым шығарылып отырды: Ташкентте «Әт-Іслох» (Өркендеу) атты газет және Ашхабадта «Хуршид-и –Хавр» (Шығыстың Күні) журналы. 1918 жылы Ашхабад қаласында әлемдегі ең алғашқы Баһаи Ғибадатханасы салынған еді.

Ресейдегі көтерілістен кейінгі алғашқы жылдары, Лениннің декретімен Түркістан Орта Азиялық автономды республикаларына бөлініп кетті.

1938-1939ж.ж, содан кейін 1941-1953ж.ж Құдайға сенушілер жаппай жераударылды. Көптеген отбасыларды Әзірбайжаннан, Түркменстаннан, Өзбекстаннан Петропавл, Ертіс, Павлодар, Шелек және тағы басқа да Қазақстанның қалаларына жер аударып жіберді.

Кеңес одағының діни іс-әрекеттерге қойылған қатаң тыйымына қарамастан, Баһаи Ілімінің ізбасарлары өз Сенімдеріне адал болып қала берді, яғни олар Ілімнің қағидаларын орындады, өз ортасының дамуы үшін қолқабыстарын берді. Баһаилар бірге кездесулер жасап, мінажат етті, Қасиетті Күндерді атап өтетін болды. Отбасында зияткерлік білімге ерекше көңіл бөлді және балаларды Ілімнің рухында тәрбиеледі.

Өз Сенімдерінің жолын ашық түрде ұстанудан айырылған баһаилар, өз еңбектерін Құдайға құлшылық ету қағидасымен теңестірді. Осылайша, адал еңбекпен елдің дамуы үшін, өз діни ұстанымдарын тереңдетумен жүзеге асырды.

1954 жылы әлеуметтегі жаңа жағдайларға орай жер аударылғандарға бостандық беріліп, сөйтіп баһаилар Орта Азия мен Кавказ елдеріне, яғни өз мекендеріне қайтуға мүмкіншілік алды. Құқықтарын алған кейбір отбасылар Қазақ КСР-да қалып қойды. Олардың тағдырлары әр-қилы болды: көбісі қайтыс болып Қазақстанда жерленсе, кейбіреулері өз елдеріне қайтып кетті, ал біршамасы өз жанұясымен осында қалып қойды. Олардың балалары осы жерде өсіп өнді, әрі қарай дами отырып, Ілімнің идеясын нақтылай отырып өз өмірлерінің қағидасымен және іс-әрекеттері арқылы бекітті.

1990-жылы тамыз айында “Дін ұстану еркіндігі” заңына сәйкес барлық КСРО республикаларында Баһаиларға Әкімшілік жүйені қайта құру ісі қолға алынды. 1990-жылы қазан айында Алматы қауымдастығы құқығы қайтарылған отбасылар мүшелерімен Алматы қаласының алғашқы Жергілікті Рухани Жиналысы сайланды.

Келесі жылдары баспасөз арқылы, радио және теледидардағы бағдарламалар, интервью мен репортаждар арқылы Баһаи идеяларының жария етілуі мен халық арасында таралуы Қазақстанның түрлі қалаларында тұрып жатқан көптеген адамдарға Баһаулланың Ілімімен танысып, оны қабылдауға мүмкіндік туды. Облыс орталықтарының барлығында дерлік Баһаи қауымдастықтары пайда болып, ал олардың он сегізінде Жергілікті Рухани Жиналысы сайланған еді.

1994 жылы Қазақстан Баһаиларының Ұлттық Рухани Жиналысының сайлауы өтіп, дәл сол жылы ресми тіркелген еді.

2002 жылы 19 Баһаи қауымдастықтары әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтті.

Қазіргі таңда елімізде 6 Баһаи Діни Бірлестіктері тіркелген.

Мемлекет тарапынан қабылдау алған күннен бастап, әрбір Баһаи Қауымдастығы бір мезгілде рухани, әлеуметтік және білім беру сипатындағы қызметке араласа отырып, өмірдің көп сырлы үлгісін жасауда. Баһаи бірлестігінің мүшелері, кеңес уақытының ізашарлары іспетті, қоғам игілігі үшін қолғабыс беру мен оның дамуына өз үлесін қосу үшін көршілері және достарымен бірге еңбек етуде.