Баһаулланың үлкен ұлы Абдул–Баһа – 20-шы жүзжылдықтың алғашқы жылдарында әлеуметтік әділдік үшін күрескер және халықаралық әлем елшісі ретінде кеңінен танылған Баһаи Сенімінің жетекші өкілі болды.
Еш уақытта, негізін салушылары өмірден өткеннен кейін әртүрлі секталарға бөлініп кеткен басқа діндердің жолын құшпас үшін, Өз ілімінің іргетастық қағидаты ретінде тек қана бірлікті марапаттау арқылы Баһаулла Өзінің Дініне қажетті қорғанысты қамтамасыз етіп кетті. Өз Жазбаларында Ол барлық жолын қуушыларға тек баһаи жазбаларының беделді түсіндірушісі ғана емес, Сенімнің рухы мен ілімінің жетілген үлгісі ретінде өзінің үлкен ұлы Абдул–Баһаға жолығып кеңес алуды өсиет етеді.
Баһаулла көкке көтеріліп кеткеннен кейін Абдул–Баһаның үлгілі өмірі, Оның білімі және адамзат игілігі үшін қызметі Баһаулла ілімінің жарқын әрекетті көрінісі ретінде, асқан жылдамдықпен кеңейіп отырған баһаи әлемдік қауымына аса ұлы бедел алып берді.
Абдул–Баһа Өз қызметін Өз Әкесінің сенімін алға жүргізуге және бейбітшілік пен бірлік идеалдарын таратуға арнады. Ол жергілікті баһаи институттарын құруды марапаттап, пайда болып отырған білім беру, әлеуметтік және экономикалық жобаларға басшылық беріп отырды. Өзі өмір бойы отырған тұтқыннан босап шыққаннан кейін Абдул–Баһа Өзін Мысыр, Еуропа және Солтүстік Америкаға дейін жеткізген саяхаттар жасады. Бүкіл саналы өмірінде Ол жоғары және төмен әлеуметтік жағдайдағы адамдарға бірдей, қоғамды рухани және әлеуметтік жаңарту жөніндегі Баһаулла жазбаларын адам сенгісіз қарапайымдылықпен түсіндірумен болды.
«Онымен қауышқан кез-келген адам Оның сөздері өз шынайылығымен ұйытатын, адамның ақыл–ойын игере алатын, адамзат бірлігі деген сенімге жан-тәнімен берілген төтенше білімді жан екеніне көзі жететін еді…»
«Аль-Му’айяд» газеті (Al-Mu’ayyad), Мысыр, 1910 жылдың 16 қазаны