Баһаулла

dom

Адамзат тарихының өне бойында ұлы діндер соңынан ерушілер тарапынан адам мінезін ағартушылық, өзіндік ішкі тәртіпке қол жеткізу, берілгендік пен ерліктің алғышарттарын құраушы алғашқы қозғаушы күшті қамтамасыз етіп отырды. Әлеуметтік деңгейде діни моральдың көптеген қағидаттары адамдар арасындағы қатынасты реттеуші және көркейтуші әмбебап құқықтық нормаларға негіз ретінде алынды.

Әр жолы Құдайдан Елші келген сайын, адамзаттың оянуы мен алға дамуының келесі сатысы үшін әлемге анағұрлым толық дәрежелі шабыт босатылып беріледі. Барлық жағынан үйреншікті кәдімгі адамзат баласы Құдайдың жаршысы болуға шақырылады. Біз Күймейтін Купина алдындағы Мұсаны, Бодхи Ағашы түбінде шырайлануды қабылдаған Будданы, Исаға көгершін түрінде көрінген Қасиетті Рухты, Мұхаммедтің алдында пайда болған ұлы періште Жәбрейілді еске аламыз.

19 ғасырдың ортасында «Алланың Даңқы» дегенді білдіретін Баһаулланы өзіне шақырып, адамзатқа жаңа Ашылымды жеткізуді тапсырды. Төрт онжылдық бойына Оның қаламынан мыңдаған жазба, хат және кітаптар ағылып жатты. Өзінің Жазбаларында Ол адамзат өмірінің рухани, сондай–ақ материалдық салаларын есепке алып отыратын әлемдік өркениет дамуының жалпы сызбасын жазып қалдырды.

«Мен ешқашан әлемдік билікке ұмтылған емеспін. Менің жалғыз мақсатым – Құдайдың маған адамдарға жеткізуге бұйырғандарын беру ғана». –  Баһаулла

Уақыты бойынша Құдайдың соңғы жолдауын адамзатқа жеткізу жолында Баһаулла 40 жыл азап пен айдауды басынан кешті. Оның өмірі және миссиясы бүкіл ғаламшарға барған сайын белгілі бола түсуде. Әлемді жақсарту жолында миллиондаған адам қазіргі уақытта Оның ілімін өз өмірлері және өз қауымдарында пайдалануды үйренуде.

«Баһаулланың ілімі … қазіргі күнде бізге діни ілімнің аса жоғары да ерекше таза формасын сыйлауда…»

Граф Лев Толстой, орыс жазушысы