Табыстылыққа үлесiмiздi қосу

image-1024x682

Әлем халықтары болашақ адамзатты біріктіретін ортақ көзқарас іздеп жатқан өзгерістер мен белгісіздіктерге толы дәуірде өмір сүріп жатқандығымызды түсіне отырып, әл-ауқатымызға әсер ететін әр түрлі деңгейдегі талқылауларға қатысу арқылы біз қоғамдық дискурстарға қатысамыз. Мәселерді шешудің дайын жолдарын ұсынғаннан гөрі, біз ортақ отанымыздың гүлденуіне әсерін тигізушілермен бірге үйренеміз, сонымен қатар Баһаулланың Ашылымдарынан алған арайлармен және оның Ілімін қоғамды жақсарту жолында пайдалану тәжірибесімен бөлісеміз. Осы мақсаттар үшін 2012 жылы Қазақстанның Баһаи қауымдастығымен Қоғамдық Ақпараттар Офисі құрылған болатын. Төрт жыл ішінде гендерлік теңдік және діннің қоғамдағы орны туралы тақырыптар бойынша әр түрлі кеңістіктерге қатысқан болатынбыз.

2015 жылы Астана қаласында өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің V Съезінің секциялық мәжілісіне «Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбындағы сөз сөйлеу ұсынылған болатын.

Сонымен қатар, 2016 жылы Астана қаласында өткен «Діндер терроризмге қарсы» атты Халықаралық конференциясына Офис “Қоғамдағы толеранттылықты қолдаудың кейбір шарттары” атты сөз сөйлеу дайындады. Оған қоса, 2013 жылы Астанада өткен “Әйелдер және саясат. Елдің тарихына әйелдердің қосқан үлесі туралы және қазіргі қоғамдық-саяси өмірде әйелдердің рөлін көтеру үшін құқықтық жағдайлар жасау” атты дөңгелек үстелге “Әйелдер мен ерлердің теңдігіне ықпал ету” тақырыбындағы баяндама дайындалды.
«Әйелдер мен ерлердің теңдігіне ықпал ету»

«Қоғамдағы толеранттылықты қолдаудың кейбір шарттары».

«Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары»(RUS)

«Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары» (ENG)

Доклад к конференции от сообщества Бахаи Казахстана

Ұжымдық шешімдер қабылдаудағы диалогтың рөлі

Сыбайлас жемқорлықтан бос қоғамды құру үрдісінде кейбір тұжырымдамаларды қайта ойластыру

Дін немесе сенім бостандығы мен қауіпсіздік мәселері төңірегіндегі ЕҚЫҰ

«Дәстүрлер мен дін» тақырыбы төңірегіндегі дөңгелек үстелге арналған сөз