ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті қазақстандықтар!

 

Біз, Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер өкілдері барлық отандастарымызды ұлағатты мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз –ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрі бар көктемнің жаңғыру мерекесі, ол жаңа жылдың, жаңа өмірдің, жаңа үміттердің бастамасын бейнелейді.

Елбасымыз атап өткендей, Ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың ұлы күні адамзаттың ортақ қазынасына айналды.

Осы мерекеде қазақстандықтар ұлтына, тіліне және дініне қарамастан ортақ ізгі ниетпен, бір-біріне игі тілектер тілеуі біз үшін аса маңызды. Бұл халқымыздың әлемнің құдіреттілігін түйсініп, ұлы рухани және адамгершілік құндылықтарға қашанда беріктігінің айқын дәлелі.

Наурыз мейрамының қарсаңында біз – Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер өкілдері, ауызбіршілік пен үйлесімділікте өмір сүріп отырған көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің халқына зор денсаулық, ырыс-ынтымық, мейрім мен бақыт тілейміз.

Әлемде барлық мемлекеттерде және бүкіл Жершарында Бейбітшілік болсын!

Қоғамда болашаққа деген сенім мен жоғары руханилық орнасын!

Шаңырағымызда қашанда бақ береке,жетістіктер болып, барлық арман -мақсаттарымыз орындалсын!

 

 

ҚАЗАҚСТАН ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ

ӨКІЛДЕРІНІҢ ЖИЫНЫ

      

2 thoughts on “ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *