Әр түрлі конфессиялардың жоғары шенді өкілдері Бабтың кесенесіне барды.

24 Қаңтар, 2019

(Солдан) Халықаралық Баһаи Қауымдастығының бас хатшысының орынбасары Кармель Ирандост дұға оқуда, оны шейх Джабер Мансур, раввин Давид Метцгер, эмир Мухаммед Шариф Одех және әке Юсеф Якоб тыңдап тұр.

Әр түрлі діндердің бірлігін көрсете отырып, христиандардың, друздердің, еврейлердің, мұсылмандардың және баһаилердің 10 өкілі 17 Рим-католик епископтарымен және олардың әр түрлі елдердегі кеңесшілерімен дінаралық қатар өмір сүру туралы ерекше талқылау үшін қаңтардың 14-і күні кездесті. Осы кездесуден кейін осы әр түрлі дің өкілдерінен құралған топ Бабтың ғибадатханасына барды.

Қатысушы діни
қауымдастықтардың әрқайсысына өкілдік еткен «дөңгелек үстелдің» қатысушылары қалайша
өздерінің діндес бауырларының өзара төзімділік пен қатар өмір сүрудің рухын
көтеруге ғана емес, сонымен бірге бірлікті қалыптастыруға күш-жігерлерін сала
алатындығына назарларын шоғырландырды.

Сөз сөйлеушілердің
көбісі сұхбаттасу, төзімділік, құрметтеу, қатар өмір сүру және бір-біріне деген
сүйіспеншілік таныту қағидаларына олардың киелі жазбаларында баса көңіл
бөлінетінін атап өтті. Әр түрлі дінді ұстанған адамдар арасындағы бірлік
байланыстарын қалыптастыру және немқұрайлылық  пен соқыр нанымдарды жою үшін адамдардың өзара
қатынасып, бір-бірімен танысуы маңызды екенін талқылауға қатысушылар түсіндірді.

Баһаи Әлемдік Орталығындағы
талқылаудан кейін араб, ағылшын және иврит тілдерінде дұғалар оқылды. Осыдан
кейін 50 қатысушы Баһаи Сенімі Жаршысының қасиетті сүйектері жерленген
Хайфадағы (Израиль) Кармель тауында орналасқан алтын күмбезді ғимарат – Бабтың
ғибадатханасына аттанды.

Ондаған түрлі
елдерден, көбінесе Еуропа мен Солтүстік Америкадан келген католик дінбасылары
христиан қауымына қолдау көрсету мақсатында жыл сайынғы кездесу үшін Папа мен
Шіркеу атынан Қасиетті Жерге келді. Бұл іс-шараны ұйымдастырған Хайфаның
христиан-маронит қауымдастығының жетекшісі Юсеф Якуб Ассиздік Әулие Францисктің
жан толғандыратын дұғасын оқыды:

«О Құдай, мені
өзіңнің бейбітшілігіңнің құралы ет,

Жек көрушілік бар
жерде сүйіспеншілік әкелуге,

Өкпе-реніш бар
жерде – кешірім,

Ұрыс-керіс бар
жерде – татуласу,

Күдік бар жерде –
сенім,

Адасу бар жерде –
ақиқат әкелуге,

Торығу бар жерде
– үміт,

Қараңғылық бар
жерде – жарық,

Қайғы-мұң бар жерде – қуаныш әкелуге рұқсат бере гөр!»

Тыңдаушылар мен басқа да қатысушылар (солдан) эмир Мухаммед Шариф Одех, Халықаралық Баһаи Қауымдастығының бас хатшысының орынбасары Шервин Сетаре, раввин Наама Дафни-Келен, епископ Мишель Дюбо, шейх Джабер Мансур, раввин Давид Метцгер және шейх Рашад Абу әл-Хигаа құрметпен тұрған кезде, Әке Юсеф Якуб (сол жақта) Ассиздік Әулие Францисктің дұғасын араб, ағылшын және иврит тілдерінде оқыды.
17 Рим-католик және англикан шіркеуінің епископтары және олардың әр түрлі елдердегі кеңесшілерін қоса алғанда, шамамен 50 адам қаңтардың 14-і күні Баһаи Әлемдік Орталығында өткізілген дінаралық кездесуге қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *