Күмбезі қасиетті рәмізбен әшекейленген Колумбия ғибадатханасының құрылысы тәмәмдауға жақын

23 маусым 2018

«Ең Ұлы Есім» рәмізі ғибадатхана құрылысының аяқталуға жақындағанын білдіре отырып, ғибадатхана күмбезінің шыңында орналасқан. Аталмыш рәміз экологиялық тұрақтылық пен ұзақ мерзімділік мақсатында қолданылатын тик ағашының қатты сүрегінен жасалған.

АГУА-АЗУЛ, Колумбия – Жұма күні Колумбияның Агуа-Азулдегі жергілікті Баһаи ғибадатханасының ішіндегі күмбездің шыңына «Ең Ұлы Есім» атты Баһаи рәмізі көтерілді.

Баһаи қауымдастығының өкілдерін қоса алғандағы шағын жиналыс әлемдегі екінші жергілікті ғибадатхананың аяқталуға жақындағанының белгісі болып табылатын осы маңызды сәттің куәгерлерi болды. Дұға оқылғаннан кейін, «Ең Ұлы Есім» рәмізі күмбездің ішкі шыңына орналастырылу үшін 15 метрге көтерілді.

«Ең Ұлы Есім» – бұл «О Даңқтының Даңқтысы» деген жалбарынудың каллиграфиялық көрінісі. Бұл рәміздің нұсқасы әрбір Баһаи ғибадатханасында орналастырылған. Ғибадатхананың 18 метрлік биіктіктегі тәжi Колумбияның рәмізі болып табылатын жайқалған какао гүлін бейнелейді.

 

Алдағы апталарда ғибадатхананың ішіне Баб мазарының қасиетті жерiнің топырағымен толтырылған өрнекті күміс қобдиша қойылады. Сондай-ақ ғибадатхананың қабылдау ғимаратында мазарда орналасқан кілем көпшілік назарына ұсынылатын болады. Бұл әрекеттер осы жергілікті ғибадат үйі мен Баһаи сенімінің рухани орталығы арасындағы терең байланысты көрсетеді.

 

Бұл ғибадатхана 2012 жылы құрылысы Бүкiләлемдiк Әдiлет Үйiмен жарияланған бес жергілікті Баһаи ғибадатханаларының бірі болып табылады. Келесі айдағы салтанатты ашылу рәсімінен кейін мазар халыққа есігін ашады.

2 thoughts on “Күмбезі қасиетті рәмізбен әшекейленген Колумбия ғибадатханасының құрылысы тәмәмдауға жақын

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *